04
желтоқсан
2025
«Бала қауіпсіздігі» тренингтік бағдарламасы негізінде ата-аналарға арналған жұмыс жоспары аясында «Дұрыс тамақтану әдет-ғұрпын құру» тақырыбында іс-шара өткізілді.
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2025 жылында “Адал азамат”біртұтас тәрбие бағдарламасы Даналық мектебі “Ата-аналар педагогикалық қолдау орталығы” жұмыс жоспары аясында «Бала қауіпсіздігі» тренингтік бағдарламасы негізінде ата-аналарға арналған жұмыс жоспары аясында «Дұрыс тамақтану әдет-ғұрпын құру» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты:Балалардың салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде ата-аналар арасында тамақтану мәдениетін қалыптастыру.Міндеттері:- Балалардың физикалық және психикалық дамуындағы дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндіру;
- Дұрыс тамақтанбауға байланысты аурулар мен олардың салдары туралы білімді кеңейту;
- Дұрыс тамақтану негіздерімен (әртүрлілік, модерация, тепе-теңдік) таныстыру;
- Отбасында дұрыс тамақтануды қолдайтын орта құру бойынша практикалық кеңестер беру.
Іс-шара барысында дұрыс тамақтану туралы бейнежазбалар мен бейнероликтер көрсетілді. «Сұрақ-жауап» жаттығуы арқылы ата-аналардың тақырып бойынша ой-пікірлері тыңдалды. «Балаға дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыруға қалай көмектесуге болады?» тақырыбында ми шабуылы ұйымдастырылды. Топтық жұмыс – «Дұрыс тамақтану газеті» атты қабырға газетін жасау арқылы шығармашылықпен айналысты. Ата-аналар алған ақпараттарды талқылап, кері байланыс берді. Дұрыс тамақтану ережелерін күнделікті өмірде қолдануға бағытталған ұсыныстар жасалды. Теңгерімді және пайдалы тағамдарды таңдау бойынша құзыреттерін арттырды. Дұрыс емес тамақтанудан туындайтын денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы білім алды.