4-сынып білім алушыларымен "Дұрыс тамақтанудың қағидалары" тақырыбында тәрбие сағаты » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 4-сынып білім алушыларымен "Дұрыс тамақтанудың қағидалары" тақырыбында тәрбие сағаты
25
сәуір
2023

4-сынып білім алушыларымен "Дұрыс тамақтанудың қағидалары" тақырыбында тәрбие сағаты


№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде  "Тиімді тамақтану" онкүндігі жоспары аясында  4-сынып білім алушыларымен "Дұрыс тамақтанудың қағидалары" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Білім алушыларды  дұрыс тамақтану,  ас – адамның арқауы туралы таныстырып, денсаулық құндылығы, қағидалары  туралы  түсініктерін кеңейту. Адамның  ағзасына  қажетті  тағамдық  заттардың  ерекшеліктерін, денсаулықтың  адам өміріндегі  маңызын  түсіндіру. Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге, салауатты   өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
       Сабақ   барысында  білім алушылар  ас –адам  ағзасы  үшін  аса  маңызды   қажеттілік екендігін білді. Тамақтану  мәдениетін, ас ішу тәртіп ережелерін  білді. Білім алушылар  тамақтану, ас ішу тәртібі, дәрумендерге байланысты  тақпақтар оқыды. Білім алушылар зиянды  тамақтарды  жеу  адам ағзасына  зиян келтіретіндіктен , оларды  пайдаланбау керек  екендігін, дұрыс  тамақтану  денсаулықтарының  кепілі  екенін  естен шығармау керектігін  түсінді.