20
қараша
2025
Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндікті ұйымдастыру және өткізу
Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндіктіұйымдастыру және өткізуТҰЖЫРЫМДАМАСЫ1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы №836 (IX) резолюцияны қабылдап, барлық елдерге Бүкіләлемдік балалар күнін атап өтуді ұсынды.
1959 жылы 20 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы «Бақытты балалық шақты қамтамасыз ету» мақсатын жариялаған Бала құқықтары декларациясын қабылдады. Содан бері 20 қараша бүкіл әлемде Дүниежүзілік балаларды қорғау күні ретінде аталып өткізіледі.
Мереке барлық азаматтарды балалардың құқықтарын сақтауға, тиісті заңнамалық және басқа да шараларды жүзеге асыруға шақырады.
Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы конвенцияны 1994 жылы ратификациялады. 2024 жылы Қазақстан ратификациялауының 30 жылдығын атап өтті. 2025 жылы Дүниежүзілік балалар күніне орай танымдық, тақырыптық, мәдени және спорттық іс-шаралар циклін өткізу жоспарлануда.
Өткізу мерзімі: 2025 жылғы қарашаның 15-25 аралығы