🔐 Мектептегі күнделікті бақылау жұмыстары – бала қауіпсіздігі үшін » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🔐 Мектептегі күнделікті бақылау жұмыстары – бала қауіпсіздігі үшін
17
қараша
2025

🔐 Мектептегі күнделікті бақылау жұмыстары – бала қауіпсіздігі үшін

🔐 Мектептегі күнделікті бақылау жұмыстары – бала қауіпсіздігі үшін

🔰Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектепте күн сайын таңертеңгілік қабылдау шаралары тұрақты түрде жүргізіледі. Таңғы уақытта мектеп әкімшілігі мен кезекші мұғалімдер оқушыларды қарсы алып, олардың мектепке уақытылы келуін, сыртқы келбетінің ұқыптылығын және мектеп формасының талаптарға сай болуын қадағалайды.

🔰Сондай-ақ мектеп медбикесі Б. Дарибаева әр күннің басында білім алушылардың денсаулық жағдайын тексеріп, таңертеңгілік медициналық фильтр жүргізеді. Оқушылар арасында тұмаудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары әр сыныпта жүйелі түрде өткізіліп, қол гигиенасын сақтау мақсатында антисептик қолдану тұрақты жолға қойылған. Сонымен қатар медбике оқу кабинеттеріндегі кварцтау жұмыстарының дұрыс және уақытылы орындалуын бақылап, санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл шаралар оқушылардың денсаулығын қорғауға және олардың қауіпсіз, қолайлы ортада білім алуына бағытталған.