16
сәуір
2021
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушыларды ыстық тамақпен қамту жағдайын бақылау бойынша құрылған бракераждық комиссияның қорытынды АНЫҚТАМАСЫ
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушыларды ыстық тамақпен қамту жағдайын бақылау бойынша құрылған бракераждық комиссияның қорытынды
АНЫҚТАМАСЫ
№22 жалпы орта білім беретін мектебінің мектепішілік бракераждық комиссиясының мүшелері оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмыстарына тексеру жүргізді.
Тексеру барысында төмендегі жағдайлар анықталды:
Мектепте штаттық бірліктегі аспазшы мен асхана қызметкерлері қысқартылып, аспазшылар мердігермен келісіммен жұмыс жасауда. Асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылған. Биылғы оқу жылына арналған оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыруға іс-шара жоспары жасалған.
Тексеру нәтижесінде асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған, «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылғандығы анықталды. Бракераждық журналдар дұрыс жүргізілуде. Аспазшылардың денсаулығын тексеріп, шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына бақылау жүргізілген. Ыстық тағам ас мәзіріне сәйкес дайындалған.
Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдысжуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық. Асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Көкөніске, дайын өнімдерге, шикізаттарға арналған стеллаждар жасалынған және заттар нормаға сәйкес сақталынған. Қайнаған су бар. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын арнайы орындар жабдықталған.
Асхана жұмыскерлері жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды: қолдың тазалығын бақылайды, таза арнайы киім мен аяқ киім киеді. Тамақ ішетін залда мектеп басшысы бекіткен мәзір ілінген, онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетілген. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларға сәйкес келеді.
Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау температурасы төмен тоңазыту жабдықтарында және (немесе) тоңазыту камераларында және (немесе) тоңазытқыштарда жүзеге асырылады. Температураны бақылау үшін термометрлер орнатылған.
Ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырған. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылып өңделген) шыны ыдысқа салған. Тоңазытқыштағы температурада +2°С көрсетті.
Тексеру қорытындысы қанағаттанарлық.
Шешімі:
- Мектептегі ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары талапқа сай деп бағалансын.
- Медициналық қызметкер Ұ.Мырзабаева тағамдардың талапқа сай дайындалуын, аспазшылардың денсаулығының дұрыстығын үнемі бақылауда ұстасын.
- Бракераждық комиссияның жұмысы жоспарға сәйкес өз жалғасын тапсын.
АНЫҚТАМАСЫ
№22 жалпы білім беретін мектебінің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы асханадағы бір мезгіл тамақтандыруды ұйымдастыру деңгейіне бақылау жүргізді.
Мектепте перспективалық ас мәзірі жасалып, бекітілген. Бракераждық журналдар дұрыс жүргізілуде. Аспазшылардың денсаулығын тексеріп, шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына бақылау жүргізілген.
Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдысжуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық тұрады. Асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Көкөніске, дайын өнімдерге, шикізаттарға арналған стеллаждар жасалынған және заттар нормаға сәйкес сақталынған. Қайнаған су бар. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын арнайы орын жабдықталған. Жеткізілген тамақ өнімдерінің сапасы қанағаттанарлық, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтары жарамды және ауа температурасы +4С көрсетіп тұр, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері өтпеген.
Жалпы тексеру қорытындысына сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайы қанағаттанарлық екендігі анықталды.
Шешімі:
- Мектептегі ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары талапқа сай деп бағалансын.
- Бракераждық комиссияның жұмысы жоспарға сәйкес жалғасын тапсын.
- Білім алушылардан тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын анықтау мақсатында сауалнама алынсын.
АНЫҚТАМАСЫ
№22 жалпы білім беретін мектебінің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы асханадағы бір мезгіл тамақтандыруды ұйымдастыру деңгейіне бақылау жүргізді.
Тегін ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайын тексеру барысында комиссия мүшелері асхананың санитарлық нормаларға сәйкестігін тексерді.
Тексеру барысында сол күнгі дайындалып жатқан тағамның мәзірі асхана бұрышында ілінбегендігі, медбике тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізгендігі, аспазшы ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырғандығы анықталды. Сынамаларды қақпағы бар таза шыны ыдысқа алып, +3°С температурада тоңазытқышта арнайы бөлінген орында сақтаған. Тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың 8-ші тарауы 127 тармағына сәйкес аспазшылар шаштарын қалпақтың астына жинап, зергерлік бұйымдарды, сағаттарды және басқа да сынатын заттарды шешіп талапқа сай үлгіде жұмыс жасап жатқандығы анықталды. Тырнақтарын қысқа етіп қиған және оларды лакпен боямаған.
Білім алушыларға ас мәзіріне сәйкес барлық тағамдар берілді және берілген тағамдардың грамы мәзірде көрсетілген нормаға сәйкес.
Жалпы тексеру қорытындысына сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайы қанағаттанарлық екендігі анықталды.
Шешімі:
- Мектептегі ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары талапқа сай деп бағалансын.
- Бракераждық комиссияның жұмысы жоспарға сәйкес жалғасын тапсын.
- Ыстық тамақты ұйымдастыру жұмыстары туралы ақпарат мектептің интернет ресурсына орналастырылсын.