Ағымдағы жылдың 6 мамыр күні балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ағымдағы жылдың 6 мамыр күні балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді.
06
мамыр
2025

Ағымдағы жылдың 6 мамыр күні балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді.

Ағымдағы жылдың 6 мамыр күні балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді.
▪️2025-2026 оқу жылында оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптарды ескеру, жаз мезгілінде оқушылардың мектеп жанындағы үйірмелерге қамтылу жағдайын бақылауда ұстауы туралы шешім қабылданды.
▪️Жиналыс мектеп пен ата-аналар қауымының ашық пікір алмасу форматында жүзеге асырылып, балалардың өміріндегі, сондай-ақ онлайн кеңістіктегі қауіпсіздіктері туралы сөз қозғалған іс-шара болды. Ата-аналарға қауіп-қатерлерді дер кезінде қалай анықтау және оларды болдырмау үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы қадамдық ұсынымдар берілді. Баланың мінез-құлқын, әлеуметтік желілердегі белсенділігін, мектеп ортасындағы құрдастарымен қарым-қатынасын, цифрлық құрылғыларды бақылау және баламен қауіпсіздік тақырыбында әңгімелесу - бұлар проблемалардың алдын алуға көмектесетін негізгі қадамдар екендігі туралы айтылды. Бала қауіпсіздігі ата-ана, педагог, әрбір ересек адам үшін маңызды мәселе болуы тиіс. Бала біздің болашағымыз, олардың саламаттылығын сақтау тікелей бізге байланысты.