13
мамыр
2021
№22жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 13 мамырында бірыңғай ата-аналар жиналысының өткізілгендігі туралы Хабарлама






№22жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 13 мамырында бірыңғай ата-аналар жиналысының өткізілгендігі туралы
Хабарлама
2021 жылдың 13 мамырында бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж. Байтулекова, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Султанбекова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Батырбекова қатысып, жиналыстың мақсат, міндеттерімен таныстырып өтті. Жиналысқа 1-10 сыныптардың ата-аналар комитеті және 9-сыныптың ата –аналары қатысты. Төмендегі мәселелер күн тәртібіне қойылды.
- 2020-2021 оқу жылының аяқталуы туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамасы негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, салтанатты жиынды өткізу (іс-шара 40 минуттан аспауы қажет);
- Мектеп бітіру, аттестат алу салтанатты жиындары кезінде мектеп түлектерінің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес мектеп формасын киюі міндетті;
- Қорытынды аттестаттау кезінде мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарынан ақша жиналмауы, дастархан жайылмауы, сыйлықтар берілмеуі;
- Мектеп әкімшілігі, педагогтар, ата-аналар, құқық қорғау органдары мен өртке қарсы қызмет көрсету өкілдерінен кезекшілік бекіту;
- Бітіру кештерінің мектеп қабырғасынан тыс жерлерде немес арнайы көңіл көтеру мекемелерінде өткізілмеуі;
- Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаз кезіндегі судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, тауға шығу, көшеде түнгі мезгілде жүрмеуі, карантин талаптарын сақталуы туралы ақпараттық жаднамалар тарату;
- Ата-аналарға, сынып жетекшілерге кибербуллинг, буллинг туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ДОТЖО М.Султанбекова өз сөзінде 2020-2021 оқу жыынл мектебімізде аяқтайтын 11-сынып оқушылары жоқ, дегенмен 9-сыныпты 16 оқушы аяқтағалы отыр. Қорытынды аттестаттау емтиханы негізгі 3 пән бойынша жүргізіледі. Қорытынды аттестаттау 2021 жылдың 28 мамыры мен 5 маусым аралығында өтеді. Мектеп бітіру, аттестат алу салтанатты жиындары кезінде мектеп түлектерінің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес мектеп формасын міндетті түрде киеді. Өткізілетін рәсімге сыныптағы оқушылардың бір ғана ата-анасы қатысады,- деп ескертіп өтті.
- Күн тәртібінде келесі мәселе бойынша ДТЖО П. Батырбекова өз сөзінде:
Бітіру кештерінің мектеп қабырғасынан тыс жерлерде немес арнайы көңіл көтеру мекемелерінде өткізілмейді. Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаз кезіндегі судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, тауға шығу, көшеде түнгі мезгілде жүрмеуі, карантин талаптарын сақталуын қатаң бақылауда ұстаңыздар.
Оқушылардың ұялы телефонын үнемі тексеріп отырыңыздар, себебі кибербуллинг, буллинг туралы ақпараттың күні бүгінгі қоғамда орын алып жатқаны белгілі. Ұялы телефоннан балаларыңызды алшақ ұстаңыздар.
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Мектеп директоры: Сейдалиев Е.Е.