№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 11-қараша күні 3- сыныпта «Теңге — Тәуелсіздіктің тірегі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » № 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 11-қараша күні 3- сыныпта «Теңге — Тәуелсіздіктің тірегі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
10
қараша
2025

№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 11-қараша күні 3- сыныпта «Теңге — Тәуелсіздіктің тірегі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 11-қараша күні 3- сыныпта «Теңге — Тәуелсіздіктің тірегі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру,өзге мемлекеттің валюталары туралы түсінік беру Үнемділікке, барды қадірлеуге баулу, ақпараттық жүйелерді пайдалануды үйрету, тілді құрметтеуге баулу. Өз Отанына мақтаныш сезімін ояту. Тәрбие сағаты барысында мұғалім оқушыларға теңгенің шығу тарихы, алғашқы банкноттар мен монеталар туралы мәліметтер берді. Оқушылар әр елдің валюталары туралы қызықты деректермен танысып, ұлттық теңгенің бейнесі мен мағынасы жайлы бейнеролик тамашалады. Интерактивті тапсырмалар арқылы үнемдеу мен қаржылық сауаттылыққа байланысты жағдаяттар талқыланды. Оқушылардың өз пікірлерін ашық айтып, ұлттық валюта туралы мағлұматтармен бөлісті. Оқушылардың бойында отансүйгіштік, үнемшілдік, ұлттық құндылықтарды құрметтеу, өз Отанына деген мақтаныш сезімі қалыптасты.