16
қыркүйек
2025
«Отбасы күніне арналған» іс-шаралар жоспарына сәйкес «Салауатты өмір салты-басты құндылығымыз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 3- сыныпта «Отбасы күніне арналған» іс-шаралар жоспарына сәйкес «Салауатты өмір салты-басты құндылығымыз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру. Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айтабілуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту. Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады. Денсаулықты сақтау үшін қажетті нәрселер: қоршаған ортаны таза ұстау, белсенді қозғалыста болу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, рухын таза сақтау, адам өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау. Оқушылар салауатты өмір сүрудің басты шарты – денсаулықты сақтап, жаман әдеттерден аулақ болуды түсінді.