23
маусым
2025
2025 жылдың 23 маусым күні «Айгөлек» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінде «Ән көңілдің ажары» атты ән байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру
2025 жылдың 23 маусым күні «Айгөлек» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінде «Ән көңілдің ажары» атты ән байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.Іс-шараға лагерь тәрбиеленушілері белсенді қатысып, түрлі жанрдағы әндерді орындады. Байқау барысында балалардың орындаушылық шеберліктері, сахна мәдениеті мен өзін-өзі ұстауы бағаланды. Жеңімпаздар мен қатысушылар "Әсем дауыс иесі","Жүрекке жеткен ән","Ең әсерлі сахна бейнесі","Көңілді орындаушы","Болашақ жұлдыз","Көрермен көзайымы"номинацияларымен марапатталды.Топ жетекшілері: А.Жоран, А.Шәкен
Үйірме жетекшісі: Д.Шөпшекбай
Мектеп тәлімгері: М.Құтымбетова