2025 жылдың 13 маусым күні «Айгөлек» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің «Қош бол, Айгөлек» атты салтанатты жабылу рәсімі ұйымдастырылды. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2025 жылдың 13 маусым күні «Айгөлек» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің «Қош бол, Айгөлек» атты салтанатты жабылу рәсімі ұйымдастырылды.
13
маусым
2025

2025 жылдың 13 маусым күні «Айгөлек» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің «Қош бол, Айгөлек» атты салтанатты жабылу рәсімі ұйымдастырылды.

2025 жылдың 13 маусым күні «Айгөлек» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің «Қош бол, Айгөлек» атты салтанатты жабылу рәсімі ұйымдастырылды. Бұл іс-шара лагерьдің тәрбиелік, танымдық және шығармашылық бағыттағы жұмыстарының қорытынды кезеңі болды.
Жабылу мерекесі арнайы безендірілген алаңда өткізілді. Балалар мен тәрбиешілер концерттік бағдарлама дайындап, өз өнерлерін ортаға салды. Ән айтылып, би биленіп, шағын қойылымдар сахналанды. Сонымен қатар, лагерь өмірінен естеліктер мен қызықты сәттер бейнеролик арқылы көрсетілді. Балалар лагерьде алған әсерлерімен бөлісіп, достық пен ұйымшылдықтың маңыздылығын атап өтті.
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагері барысында балалар жан-жақты дамуға, белсенді демалуға және өзара достық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды. Әр күн түрлі мазмұнды шаралармен өрнектеліп, балалар үшін ұмытылмас әсерге толы жазғы демалыс кезеңіне айналды.

Похожие публикации: