24
маусым
2025
2025 жылдың 24 маусымында «Айгөлек» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің ұйымдастыруымен «Мұражай – тарих айнасы» тақырыбында Меркі аудандық мұражайына танымдық саяхат өткізілді.
2025 жылдың 24 маусымында «Айгөлек» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің ұйымдастыруымен «Мұражай – тарих айнасы» тақырыбында Меркі аудандық мұражайына танымдық саяхат өткізілді.Саяхаттың мақсаты – оқушыларға туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын таныстыру, патриоттық сезімдерін ояту және тарихи сана қалыптастыру болды. Мұражай қызметкерлері балаларға аудан тарихы, археологиялық жәдігерлер, ұлттық құндылықтар мен тарихи тұлғалар туралы мазмұнды экскурсия жүргізді.Іс-шараға лагерь тәрбиеленушілері белсенді қатысып, танымдық сұрақтар қойып, өз білімдерін толықтырды. Саяхат оқушыларға үлкен әсер қалдырып, олардың рухани-мәдени дамуына оң ықпал етті.Лагерь басшысы: А.Шабиуова
Топ жетекшілері: А.Жоран, А.Шәкен
Үйірме жетекшілері: Д.Шөпшекбай
Мектеп тәлімгері: М.Құтымбетова