«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Әжемнің ертегілеріне саяхат!» танымдылық сағаттарын ұйымдастыру іс-шаралар жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдері ата-аналарға арналған «Атадан-өсиет, анадан-қасиет» тақырыбында ата-аналармен кездесу өткіз » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Әжемнің ертегілеріне саяхат!» танымдылық сағаттарын ұйымдастыру іс-шаралар жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдері ата-аналарға арналған «Атадан-өсиет, анадан-қасиет» тақырыбында ата-аналармен кездесу өткіз
20
ақпан
2025

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Әжемнің ертегілеріне саяхат!» танымдылық сағаттарын ұйымдастыру іс-шаралар жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдері ата-аналарға арналған «Атадан-өсиет, анадан-қасиет» тақырыбында ата-аналармен кездесу өткіз

№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Әжемнің ертегілеріне саяхат!» танымдылық сағаттарын ұйымдастыру іс-шаралар жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдері ата-аналарға арналған «Атадан-өсиет, анадан-қасиет» тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізді. Мақсаты: Ата-аналарды қатыстыра отырып, олардың үлгісі мен ықпалы арқылы оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты нығайту. Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл қасиет адамгершілікті қалыптастыру болып табылады.
Ата-аналармен кездесу барысында отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз екені айқын көрініп отыр. Мектеп психологы Чимбатчаева М.З. ата-аналармен Біз біргеміз» тренингін өткізді. Ата-аналар кездесу барысында балаларының бойларына үлгі, өнеге, өнерлерін сіңіру барысында көрсете білід. Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза, асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ. Сондықтан, баланың өзіндік «Менің» қалыптастыру, адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру, қазіргі заман талабына сай өзіндік ой-көзқарасы қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеп шығару ортақ бір мүддеге бағытталғанда ғана жан-жақты, толыққанды жүзеге асатындығы болып табылатындығын көрсетеді.