
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде Меркі ауданының білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес білім беру мекемелерінде ата-ана мен бала арасындағы қарым қатынасты нығату мақсатында «Ата ана мен бала арасындағы ықпалдастық » тақырыбында 2024 жылдың 17 қаңтарында сағат 12: 00 де 6-11 сынып оқушыларының ата аналары арасында әлеуметтік педагог тарапынан аудандық біріңғай тренингті № 22 жалпы орта білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы Г.Б.Оспанова ата-аналармен «Бұлақ көрсең, көзін аш» Тұлғаның бойындағы шығармашылықты дамыту бойынша тренингін өтті.Мақсаты: Ата аналардың метеп пен мұғалім арасындағы қарым- қатынасты нығайту және білім алушының жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып, шығармашылыққа тәрбиелеу Тренинг: «Танысу жаттығуы», «Ой жинақтау», «Ситуациялық сұрақтар» және "Өз баламның келбеті» . «Зағип және бағыттаушы» ойыны бөлімдерінен тұрды. Ата аналар ойларын бұқпай өз ойларын ашық жеткізуге тырыстыҚорытынды.Танысу бөлімінде ата аналар өздерінің ұяңдығын байқатса, келесі бөлімдерде ашылып, жинақы жауаптарын көрсете бастады.Баланың шығармашылығын дамытатын әдістерін ортаға салды.Ойындар ата-аналарды ширатып алды. Кері байланыс арқылы ата –аналарға тренингтен алған әсерлері мол және оны өмірде пайдаланып ,балаға уақыт көп бөлетіндігі айтылған. Сондай ақ мектепке келгісі келетіндерін жасырмай жазғаны анықталды.