10
қаңтар
2024
ҰЛДАР ЖИНАЛЫСЫ

№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың, бопсалаудың, әлімжеттіктің алдын алу» тақырыбында ұлдар жиналысы өтті. Жиналысқа 7-11 сыныптың ұл балалары, директордың құқықтық тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекова,"Ұлдар клуб "жетекшісі А.Мәуленбеков,мектеп медбикесі Ұ.Мырзабаева,7-11сынып жетекшілер қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты мектеп ішінде және де мектептен тыс жерлерде әлімжеттікке жол бермеу және оның алдын алу шаралары туралы болды. Сондай-ақ білім алушыларға мектеп формасын, жол ережесін сақтау, зиянды заттардан аулақ болу, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерінің түбі, заң аясында жауапкершілікке тартылатындығы туралы мәліметтер кеңірек айтылып өтілді.Балалар өз ойларын ортаға салып алдағы уақытта мектебімізде қандай іс шараларды өткізетіндіктері туралыда өз ойларын қосып тың идеяларыменде бөлісіп өтті.
ДТІЖО П.Е.Батырбекова