04
қазан
2022
"Құқық бұзушылықтың алдын алу"тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмыстары
2022 жылы 4-қазан күні №22жалпы орта білім беретін мектебінде жоспарға сәйкес балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында 7-11 сынып білім алушылары арасында "Құқық бұзушылықтың алдын алу"тақырыбында мектеп инспекторы Е.Тупеков дәріс оқыды. Іс-шара барысында білім алушыларға жол ережесін сақтау, зиянды заттардан аулақ болу, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерінің түбі, заң аясында жауапкершілікке тартылатындығы туралы мәліметтер айтып өтті. ДТІЖО П.Е.Батырбекова






