27
қазан
2023
«Жыныстық тиіспеушілік сипаты бойынша қылмыстың алдын алу» тақырыбында 7-11сынып қыздарымен кездесу
Қыздар жиналысы 2023-2024оқу жылы.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жыныстық тиіспеушілік, ерте жүктілік, суицидтің алдын алу мақсатында 7-11 сынып қыз балалармен жиналыс
2023 жылдың 27-қазан күні №22 жалпы орта білім беретін мектебінде жалпы орта білім беретін кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылық және репродуктивті денсаулықтарын сақтау мақсатында «Жыныстық тиіспеушілік сипаты бойынша қылмыстың алдын алу» тақырыбында 7-11сынып қыздарымен кездесу ұйымдастырылып өткізілді.Жыныстық қабілеттің жетілу жолдары жасөспірім психикасы үшін өте ауыр кезең екендігі, балаларға қатысты жасалынатын түрлі санаттағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық әрекеттердің түрлері мен ондай жағдайдан шығу жолдары кеңінен түсіндірілді. Іс-шараға мектеп әкімшілігі мен Меркі АПБ-нің қызметкерлері бірлесе отырып, жоғары сынып білімалушылары қатысты. Жиналыста ЖПҚБ ЮПТ полиция лейтенанты мектеп инспекторы Маңызқызы Арна,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекова, әлеуметтік педагог Г.Б.Оспанова,психолог М.Е.Раманданова тарапынан кеңінен ақпараттар берілді. Мектеп оқушылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Іс-шараға мектебіміздің 7-11 сыныптарының білім алушылары мен сынып жетекшілері қамтылды.

Фейсбук сілтемесі