Ерте жүктіліктің алдын алу.
№ 22 жалпы білім беретін мектебінде аудандық білім бөлімінің ерте жүктіліктің алдын алуына жіберілген жоспары бойынша өткізілген
іс – шара туралы
Хабарлама
№ 22 жалпы білім беретін мектебінде аудандық білім бөлімінің ерте жүктіліктің алдын алу жоспары бойынша 2018 жылдың 6 қараша күні «Жасөспірімдердің арасында ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында 8-10 сынып қыздарымен кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Кездесуге Сарымолдаев округі емханасының гинекологы Дүкенбаева Гүлнар, акушер Абдуллаева Алтын, қамқоршылық кеңесінің мүшесі Үсенова Жұлдыз, аналар кеңесінің төрайымы Жүндібаева Салтанат, психолог Рамаданова Меруерт, медбике Мырзабаева Ұлбосын шақырылды. Жалпы іс – шараға 21 адам қатысты. Іс – шара барысында бойжеткен қыздармен ерте жыныстық қатынасқа түсу туралы әңгіме қозғалды. Қазіргі таңда жастардың санасында отбасын құру және ұрпақ тәрбиесі туралы дұрыс пікірлерді сіңіру маңызды болып тұр. Соңғы уақытта жыныстық қатынасқа түсудің жас мөлшердің айтарлықтай «жасарды». Жыныстық өмірге ерте ұрыну, контрацепция құралдары мен әдістері жайлы хабарсыз болу сияқты жайттар күтілмеген жүктілік, жасанды түсіктер, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды жұқтырып алу сыңды қайшылықтарға алып келетіні туралы айтылды. Күтілмеген жүктілікті болдырмау әртүрлі жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды жұқтырмау үшін жыныстық қатынастардан бас тарту немесе болған жағдайда сақтану жолдары әртүрлі контрацепция құралдарын пайдалану деген ұсыныстар қыздарға медициналық қызметкерлердің тарапынан берілді. Мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.З.Чимбатчаева бойжеткен қыздарды ерте жыныстық қатынасқа түспеуді, болашақта үлгілі отбасын құруға, иманды, ибалы, инабатты, өз арын таза ұстайтын халқымыздың қыздары болуға шақырды.