"Дублер күні" » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Дублер күні"
05
қазан
2023

"Дублер күні"

№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылғы 5 қазан күні өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында мұғалімдер күніне орай «Дублер күні» білім алушылардың өзін-өзі басқару күні ұйымдастырылды.
      "Мектеп Парламенті" мүшелері мектебіміздегі барлық сыныптардың топбасшыларымен бірлесе жоспар құра отырып, ұстаздар қауымының көңіл-күйлерін көтеріп, жүректерін нұрға толтырды. Парламент мүшелері таңертең мектеп оқушыларын қарсы алып, Қазақстан Республикасының Əнұранын орындап, ұстаздарды қарсы алып, мектеп əкімшілігінің, ұстаздардың атқаратын жұмыстарын өздері жасады.