Ұстаздар төл мерекесіне орай "Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік"тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұстаздар төл мерекесіне орай "Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік"тақырыбында мерекелік концерт өткізілді.
05
қазан
2023

Ұстаздар төл мерекесіне орай "Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік"тақырыбында мерекелік концерт өткізілді.

№22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың қазан айының 05-күні ұстаздар төл мерекесіне орай "Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік"тақырыбында ДТІЖО П.Е.Батырбекова, 11-сынып оқушыларының ұйымдастырумен мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік кешке ұстаздар, мектеп әкімшілігі, ардагер ұстаздар қатысты. Мектеп директоры Е.Е.Сейдалиев және Сарымолдаев ауылдық округ әкімінің орынбасары А.Т.Қапалбаев мерекелік іс-шараны құттықтау тілегімен ашты. Мерекелік кеш мектеп спорт залында мерекеге сай безендіріліп өткізілді. Мерекелік концертті ардагер ұстаз М.С.Абдрешованың шәкірттерінің әсем күмбірлеген "Жастар"күйімен ашылды.Сондай-ақ оқушыларымыз өздері дайындаған жыр шумақтары мен «Ұстазым» әнін орындап, ән-би өнерлерін ұстаздарына тартуланды. Осы өнегелі мерекеге орай мектебімізді аяқтап кеткен түлектер ұстаздарға арнап «Ұстазыңды құттықта!» атты құттықтаулар ұсынып , ұстаздардың ризашылығына бөленді. «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деген Мағжан Жұмабаевтың сөзін негізге алсақ, ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды, жалпы адамзатты тәрбиелейді. Себебі, мейлі шахтер, ғалым, дәрігер, инженер, ғарышкер болсын барлығы да ұстаздан білім алады.