Мектеп қызметкерлерінің лауазымдық (қызметтік) міндеттері
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі «№22 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
№180 бұйрық/көшірме
27 тамыз 2022 жыл Екпінді ауылы
Мектеп қызметкерлерінің лауазымдық
(қызметтік) міндеттерін бекіту туралы
2022-2023 оқу жылының басталуына байланысты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығына, Педагог мәртебесі туралы Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына және мектептің 2022 жылдың 27 тамыздағы күнгі №1 педагогикалық кеңестің қаулысы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
- 2022-2023 оқу жылының басталуына байланысты №22 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп әкімшілігі мүшелері директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.А.Мусаеваға, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбековаға, директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Г.Ш.Байсаловаға, директордың алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Қ.Даутовқа, әлеуметтік педагог Г.Б.Оспановаға, психолог және мектеп кітапханашысы С.С.Шомбаеваға, іс жүргізуші С.Б.Амироваға №1, №2, №3, №4, №5, №6, №7, №8 қосымшалардағы және барлық пән мұғалімдеріне №9 қосымшадағы көрсетілген лауазымдық міндеттер жүктелсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Мектеп директоры: Е.Е.Сейдалиев
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
№22 жалпы орта білім беретін мектебі
2022 жылғы 27 тамыздағы
№180 бұйрығына
1 қосымша
№22 жалпы орта білім беретін мектебінің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мусаева Багила Аптихалиевнаның лауазымдық міндеттері:
1. Жалпы ережелер
1.1 Осы лауазымдық нұсқаулық білім беру мекемесінің басшысы еңбегіне тарифтік-квалификациялық бағалау негізінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 28 маусымдағы №141 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы №119 бұйрығына сәйкес құрастырылды.
1.2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарын білім беру мекемесінің директоры тағайындайды және босатады.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары демалыста және уақытша жұмысқа қабілетсіз болған кезеңде оның міндеттерін директордың өзге орынбасарына немесе тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына жүктелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда міндеттерді уақытша атқару мекеме директорының Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі талаптарын сақтай отырып, шығарған бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
1.3.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарында жоғары кәсіптік бiлiмі және басқарушылық міндетінен 3 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиiс.
1.4. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары тікелей мектеп директорына бағынады.
1.5. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына педагогикалық қызметкерлер тікелей бағынады.
1.6. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары өз қызметін атқару барысында: ҚР Конституциясы мен Заңдарын, Президент Жарлығын және өз қызметінде оқушыларға білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша білім беру ісін басқарушы барлық деңгейдегі органдар шешімдерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, сонымен қатар мекеме жарғысы мен жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек шартын (келісім-шарт) директордың бұйрықтарын басшылыққа алады.
Директордың орынбасары Бала құқықтары туралы Конвенцияны сақтайды.
2. Міндеттері
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінің негізгі бағыттары:
2.1.Оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыру, осы үрдістің дамуын басқару және бақылау жасау;
2.2. Педагогтардың білім беру барысын әдістемелік тұрғыдан басқару;
2.3. Оқыту үрдісінде техникалық қауіпсіздік ережесі мен нормасын сақтауды қамтамасыз ету.
3. Лауазымдық міндеттері
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары келесі лауазымдық міндеттер атқарады:
3.1. Білім беру үрдісінің сапасын және оқушылардың қорытынды бағаларының объективті түрде қойылуын бақылау; мұғалімдердің өткізген сабақтарына және басқа да іс-шараларға қатысады (аптасына 3 сабақтан кем емес), ол сабақтардың мазмұны мен формасын талдайды, педагогтарға сараптама қорытындысынан хабардар етеді;
3.2. 9-сынып оқушыларының қорытынды аттестациялауды өткізу, 11-сыныптарда ҰБТ және аралық аттестацияның сапалы және уақытында өтуін бақылайды;
3.3. Материалдық-техникалық базаның сақталуы мен оқу кабинеттерінің, рекреациялардың санитарлық ахуалына жауап береді;
3.4. Ата-аналармен оқушылардың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырады, ата-аналарды (ата-ана орнын алмастырушыны) қабылдайды;
3.5. Білім беру үрдісіне ұсыныстар енгізеді, білім беру мекемесінің педагогикалық кеңес жұмысын ұйымдастырады, педагогикалық кеңестің хаттамасын жүргізеді, қадағалайды;
3.6. Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарының қатысуымен оқу кабинеттерін, шеберханаларды, спорт залын, сондай-ақ қосалқы орын-жайларды паспорттау ісін дер кезінде және сапалы жүргізуді ұйымдастырады;
3.7.5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделу жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады және талдау жасайды;
3.8.Педагогтың қоғамдық жағдай талабына сай білім беру ұйымдарында, тұрмыста, қоғамдық орындарда тәртіптің әдептік нормаларын сақтайды;
3.9. Білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады;
3.10.Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік психологиялық қамтамасыз етілу жағдайын талдайды;
3.11.Білім беру үрдісінің сапасына және жалпы білім беру стандарттарының шеңберінде білімді меңгеру нәтижесінің объективтілігіне бақылау жасайды;
3.12. Оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуын, оқу үрдісіне қазіргі заманғы жаңа технологияның енгізілуін қамтамасыз етеді;
3.13. Білім алушыларға ағымдағы және қорытынды аттестаттау, мемлекеттік аралық бақылау және тестілеу өткізуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді;
3.14. Білім беру ұйымдарының оқу үрдісін жетілдіру мақсатында, пәндік әдістемелік бірлестіктер және эксперименттік жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асырады, оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
3.15.Эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін қорытындылайды және талдау жасайды;
3.16. Педагогтердің анағұрлым нәтижелі тәжірибелерін тарату бойынша шаралар қабылдайды;
3.17. Педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады;
3.18. Белгіленген есеп құжаттамасының сапалы және уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді;
3.19. Семинарлар өткізу, мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу, қорыту және тарату ұйымдастырады;
3.20.Жас мамандарға кеңес және практикалық көмек көрсетеді, тәлімгерлерді бекітеді, жас мамандар мектебіне басшылық жасайды;
3.21. Мектепте қоғамдық–гуманитарлық пәндердің жүргізілуіне басшылық жасайды, қадағалайды;
3.22.Мектепте педагогтер ұжымына әдістемелік тұрғыдан көмек көрсетеді және басқарады;
3.23.Мектепішілік пәндік олимпиаданың өткізілу барысын ұйымдастырады;
3.24. Мектепте қоғамдық орындарда өзінің лауазымдық міндеттеріне сай әдептілік ережелерін орындайды;
3.25.9-11 сынып оқушыларына еңбекке орналасу бағытында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді, ұйымдастырады, құжаттарын реттейді;
3.26. Мектептің оқу-тәрбие жоспарын жасайды, бекітеді, орындалуын қадағалайды, анықтамаларын жинайды, сараптайды;
3.27.Білім беру үрдісіне ұсыныстар енгізеді, білім беру мекемесінің педагогикалық кеңес отырыс жұмысын ұйымдастырады, отырыс хаттамасын жүргізеді, қадағалайды, директор жанындағы отырыс жұмысын ұйымдастырады, отырыс хаттамасын жүргізеді, қадағалайды;
3.28. Тарификация бойынша және педагог қызметкерлерінің оқу жүктемесінің құжаттарын даярлайды және ұйымдастырады;
3.29. Педагогтердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен факультатив және таңдау бойынша курстардың жоспарларының орындалуын, құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді;
3.30. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасап, сабақтардың кестесін және басқа да оқу қызметінің түрлерін құрады, уақытша жұмысқа жарамсыз мұғалімдердің орнына басқа мұғалімдермен алмастыру, ауыстырылған және босатылған сабақтардың есебін жүргізеді;
3.31. Педагог қызметкерлердің және оқу-көмекші құрамның жұмыс уақытын есепке алу табелін, еңбекақы алу табелін жүргізеді, қолын қояды және білім мекемесінің директорына өткізеді, бұйрықтарды дайындайды;
3.32. Күнделік кз бойынша деректердің уақытылы толтыруылын, жүргізілуін қадағалайды;
3.33.Мектепте жаратылыстану-математикалық пәндердің жүргізілуіне басшылық жасайды, қадағалайды;
3.34.Пән мұғалімдерінің күнделікті күнделік кз бойынша уақытылы толтырылуын қадағалайды, сараптама жасайды;
3.35.Ұлттық білім беру базасы бойынша деректердің дұрыс толтырылуына, уақтылы жүргізіліп отыруына жауап береді;
3.36 Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы №39 бұйрығына «Бастауыш, негізгі орта , жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығының орындалуына жауапты;
4. Құқықтары
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары өз құзыреті аясында мынадай құқықтарға ие:
4.1. Мектепте кез келген сабаққа қатысуға (сабақ басталғаннан кейін шұғыл қажеттіліксіз сыныпқа кіру және сабақ кезінде мұғалімге ескерту жасау құқығынсыз);
4.2. Тікелей қол астындағы қызметкерлерге міндетті түрде орындалуға тиісті тапсырмалар беруге;
4.3. Оқушыларды оқу процесіне кері ықпал ететін қылықтары үшін білім беру мекемесінің Жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелерінде белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартуға;
4.4. Қажет болған жағдайда сабақ кестесіне өзгерістер енгізуге, бірлескен сабақтар өткізу үшін топтар мен сыныптарды уақытша қосуға;
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы " , " Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , " Неке және отбасы туралы ", " Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы " , " Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Арнайы әлеуметтік қызмет туралы ", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы " Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
Екінші дананы қолыма алдым.
Лауазымдық міндетіммен таныстым: ____________ _________________
(қолы) (аты-жөні)
Күні: «.........».........................20.......ж.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
№22 жалпы орта білім беретін мектебі
2022 жылғы 27 тамыздағы
№180 бұйрығына
2 қосымша
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Батырбекова Перуза Елубаевнаның лауазымдық міндеттері:
Жалпы ережелер:
1.1. Осы лауазымдық нұсқаулық білім беру мекемесінің басшысы еңбегіне тарифтік-квалификациялық бағалау негізінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 28 маусымдағы №141 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы №119 бұйрығына сәйкес құрастырылды.
1.2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын мектеп директоры тағайындайды және босатады.
1.3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары демалыста және уақытша жұмысқа қабілетсіз болған кезеңде оның міндеттерін директордың тәрбие ісі жөніндегі өзге орынбасарына немесе оқу ісі жөніндегі орынбасарына, болмаса неғұрлым тәжірибелі педагогтердің біріне жүктелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда міндеттерді уақытша атқару директорының Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі талаптарын сақтай отырып шығарған бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
1.4. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарында жоғары педагогикалық білім және 3 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс стажы болуы тиіс.
1.5. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тікелей директорына бағынады.
1.6. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына кітапханашы, сынып жетекшілері мен оқушылар тікелей бағынады.
1.7. Білуге міндетті:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын;
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын және басқа да білім беру ісін дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді;
- Педагогика мен психология негіздерін;
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын;
- Педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін;
- Менеджмент, қаржы-шаруашылық қызметі негіздерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын;
- Санитарлық ережелер мен нормаларды;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
- Ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін;
- Бағдарламалық-әдістемелік құжаттамарды.
Сондай-ақ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өз қызметінде оқушыларға білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша білім беру ісін басқарушы барлық деңгейдегі органдар шешімдерін, сондай-ақ жарғысы мен жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек шартын (келісім-шарт) басшылыққа алады. Бала құқықтары туралы Конвенцияны сақтайды.
1.8. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары компьютерді және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ғаламдық Internet желісін қолданудың тиімді тәсілдерін меңгеруі тиіс.
2. Міндеттері:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары атқаратын негізгі қызмет бағыттары мыналар болып табылады:
2.1. Тәрбие процесін жүйелі ұйымдастыру және оның жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқару.
2.2. Бала құқықтарын сақтау және жүзеге асыру.
2.3. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылардың алдын алуға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру.
2.4. Өз құзыреті аясында полицейіне, әлеуметтік педагогқа, психологқа, кезекші мұғалімге, тәлімгерге, қосымша білім беру педагогтарына және сынып жетекшілеріне өкілеттік беру.
3. Лауазымдық міндеттері
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мынадай лауазымдық міндеттер атқарады:
3.1. Талдау жасайды:
∙ тәрбие процесінің проблемаларына;
∙ тәрбие жұмыстарының жай-күйі мен нәтижелілігіне;
∙ тәрбие жұмыстары саласындағы жай-күйі мен перспективалық мүмкіндіктеріне;
∙ оқушыларға дер кезінде әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіп отыру мақсатымен олардың тұрмыс жағдайына, талап-тілектеріне, проблемаларына;
∙ мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің тәрбие ісі саласындағы кәсіби біліктілігі деңгейіне;
∙ оқушылардың тәрбиелілік жағдайына;
∙ алдындағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруға педагогика ұжымының даярлығына.
3.2. Қандай да бір тәрбиелік шараларды жүргізудің тиімділігіне болжам жасайды.
3.3. Әзірлейді және белгілейді:
∙ үйірмелер мен қосымша білім беру пәндеріне арнап «СанПиНомға» (санитарлық нормалар) және өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес оқу сабақтарының кестесін;
∙ тәрбие жұмыстарының кешенді-мақсатты бағдарламасын;
∙ өз міндеттеріне сәйкес бойынша бұйрықтар мен өкімдер жобаларын;
∙ өз жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарларын;
∙ оқушыларға тәрбие беру жұмыстарын жаңаша ұйымдастыру бағытында жоспарлар;
∙ мәдени-тәрбиелік шаралар әзірлеп, оларды өткізу жұмыстарын;
∙ өз міндеттеріне сәйкес тәрбие қызметінің мәселелері бойынша есеп беру құжаттарын және анықтамалық материалдар;
∙ дамыту бағдарламасының жекелеген фрагменттерін, өзге де стратегиялық құжаттарды.
3.4. Жоспарлайды және ұйымдастырады:
∙ тәрбие жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің біліктілігі мен кәсіби шеберліктерін арттыруды;
∙ тәрбие жұмыстарын;
∙ аға вожатыйлардың, сынып жетекшілерінің, денешынықтыру-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдер бойынша қосымша білім беру педагогтарының қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды;
∙ сенбіліктер, «таза бейсенбіліктер», сыныптан тыс шаралар өткізуді;
∙ оқушылар арасындағы тәрбие жұмыстарының мазмұны мен технологиясы туралы мәселелер бойынша педагогикалық ұжымда өткізілетін әдістемелік оқуларды;
∙ оқушылардың ата-аналарымен, жалпы мектептік ата-аналар комитетімен жүргізілетін жұмыстарды;
∙ наркологиялық постар, экологиялық патрульдер жұмысын, СПИД-тің алдын алу жөніндегі жұмыстарды;
∙ мектептің территориясын көріктендіру жөніндегі жұмыстарды;
∙ «Қиын» оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды, балаларды қадағалау органымен және қоғамдық ұйымдармен байланысты;
∙ жарыстарды, экскурсияларды, мейрамдарды;
∙ сынып жетекшілерінің, қосымша білім беру, денешынықтыру-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдер бойынша мұғалімдердің қызметін;
∙ оқушыларға қосымша білім берудің авторлық және бейімбелген бағдарламаларын жасауда мұғалімдерге көмек көрсетуді;
∙ тәрбие жұмыстарының мазмұнын, формасын және әдістерін;
∙ сыныптан тыс жұмыстарға қатысты оқу-материалдық базаларын нығайту жөніндегі жұмыстарды.
3.5. Қамтамасыз етеді:
∙ құрылымдарының ата-аналар комитетімен, тиісті комиссиялармен, қамқоршылар кеңесімен т.б. өзара әрекеттестігін;
∙ білім беру жүйесіндегі тәрбие процестерін ұйымдастыруда жаңа тәсілдердің қолданылуын;
∙ тәрбие процесінде қолданылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін;
∙ физикалық тәрбие, спорттық сауықтыру және әскери-патриоттық, салауатты өмір салты үдерістерінің үйлесімді дамуын;
∙ өз міндеттеріне сәйкес жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар құқықтарының, мүдделерінің ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес қорғалуын;
∙ оқушылардың сыртқы көрінісі мен бірыңғай формасы бойынша қойылатын талаптардың орындалуын;
∙ мұғалімдердің үзілістерде белгіленген график бойынша кезекшілік етуін;
∙ оқушылардың таңертеңгілік сапқа тұруы (линейкасы) директор бекіткен график бойынша өткізілуін.
3.6. Басқарады:
∙ моральдық-психологиялық қолайлы климат жасау жөніндегі жұмыстарды;
∙ көріктендіру және көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды.
3.7. Бақылау жасайды:
∙ тәрбие беру процесінің сапасына бақылау жасайды, оқушылардың сынып сағаттарына және басқа да мәдени-тәрбиелік шараларға (оқу жылында 150-180 сағаттан кем емес) қатысады;
∙ сынып жетекшілерін курстық даярлау және қайта даярлау жоспарының орындалуына;
∙ үйірмелер, секциялар жұмысына және қызметкерлері атқаратын басқа да тәрбиелік ұйымдастыру жұмыстарына;
∙ мінез-құлқында ауытқулары бар балалармен жеке жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарға;
∙ сынып жетекшілерінің, сынып жетекшілері әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарына;
∙ психологтың орта буын және аға буын оқушылармен жүргізетін жұмыстарына;
∙ әлеуметтік және полицейлік қызметке;
∙ әскери-патриоттық тәрбиеге;
∙ қосымша білім беру сабақтарына аналған санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына;
∙ сыныптарда тәрбие жұмыстары жөніндегі құжаттамалардың, сынып журналдарының дұрыс жүргізілуіне;
∙ өз міндеттеріне сәйкес тәрбие процесін дамыту саласы бойынша қабылданған шешімдердің орындалуына.
3.8. Үйлестіреді (және көмектеседі):
∙ сынып жетекшілерінің оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері бойынша атқаратын қызметін;
∙ тәрбие жұмыстары бойынша қажетті әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу, жалпы мектептік мәдени-тәрбие шараларын өткізу жөніндегі жұмыстарды;
∙ тәрбие процестерін қамтамасыз ететін әкімшіліктері, қызмет орындары және бөлімшелері өкілдерінің қоғамдық және құқық қорғау органдарының, ата-аналардың, ата-аналар комитетінің өкілдерімен өзара әрекеттестігін;
∙ экологиялық патрулі қызметін.
3.9. Бағалайды, сараптайды:
∙ оқушылары арасында болған жазатайым оқиға жағдайларын;
∙ өз міндеттеріне сәйкес оқушыларға тәрбие беру мәселесі бойынша стратегиялық құжаттарын;
∙ сынып жетекшілері тарапынан оқушылар арасында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының сапасын;
∙ сынып жетекшілерінің оқу тәрбие процесін жетілдіруге байланысты ұсыныстарын.
3.10. Кеңес береді:
∙ мұғалімдер мен ата-аналарға тәрбие процесінің мәселелері бойынша;
∙ мұғалімдер мен ата-аналарға оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері бойынша.
3.11. Баспаға дайындалатын оқу-тәрбие процесі жөніндегі материалдарды-сынып сағаттарының әдістемелік әзірлемелерін, зерттеулер мен эксперименттер нәтижелерін т.б.редакциялайды, түзетеді.
3.12. Хабардар етеді:
∙ әкімшілікті және мұғалімдерді тәрбие процесіндегі, білім беру жүйесіндегі мәселелер жөнінде;
∙ өз міндеттерінесәйкес кітапханалық, полицейлік, әлеуметтік және психологиялық қызмет орындарын тәрбие процесінің мәселелері жөнінде.
3.13. Тыйым салады:
∙ мәдени-тәрбие шараларын өткізу кезінде типтік тізбелерде қарастырылмаған жабдықтар мен приборларды, соның ішінде қолдан жасалған заттарды пайдалануға;
∙ орын-жайларында оқушылар мен қызметкерлер денсаулығына қауіп тудыратын жағдайлар пайда болса, ол жерлерде білім беру процесінің жүргізілуінде.
3.14. Қатысады:
∙ педагогикалық кеңестер жұмысына;
∙ жоғары орындар ұйымдастырып, өткізетін кеңестер, семинарлар, конференциялар, тренингтер жұмысына, «дөңгелек стол» отырыстарына және басқа шараларға;
∙ тәрбие жұмыстары бойынша қажетті әдістемелік құжаттарды әзірлеуге;
∙ оқушылар контингентін жасақтауға;
∙ педагогтары мен өзге де қызметкерлерін аттестаттауға әзірлеу және оны өткізу ісіне;
3.15. Жетекшілік етеді:
∙ кәмелетке толмағандардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын әлеуметтік қорғау ісіне;
∙ сынып жетекшілерінің, сынып жетекшілері әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына;
∙ тәлімгер, әлеуметтік педагог, қосымша білім беру педагогтары мен полиция өкілі жұмыстарына;
∙ балалар мен жастар ұйымдары қызметіне;
∙ кітапхана қызметіне.
4. Құқықтары
Директордың тәрбие ісі орынбасары өз құзыреті аясында мыналарға құқылы:
4.1. Мектеп директоры уақытша болмаған кезеңде (демалыс, сырқат және т.б.) оның міндеттерін атқаруға;
Міндеттерді орындау Қазақстан Республикасының заңнамасына, жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес директордың бұйрығы негізінде асырылады.
4.2. Тікелей қол астындағы қызметкерлерге міндетті түрде орындалуға тиісті өкімдер беруге;
4.3. оқушылармен өткізілетін кез келген сабаққа қатысуға (сабақ басталғаннан кейін шұғыл қажеттіліксіз сыныпқа кіру және сабақ кезінде мұғалімге ескерту жасау құқығынсыз);
4.4. Оқушыларды оқу процесіне кері ықпал ететін қылықтары үшін жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелерінде белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартуға;
4.5. Қажет болған жағдайда сабақ кестесіне өзгерістер енгізуге, бірлескен сабақтар өткізу үшін топтар мен сыныптарды уақытша қосуға;
4.6. Түрлі бөлімшелеріне, қызмет орындары мен жекелеген қызметкерлеріне тән жұмыс құжаттамаларын (ережелер, жоспарлар, бағдарламалар, жұмыс материалдары, бақылау жұмыстары және т.б.)бақылау және түзету енгізу үшін сұратуға;
4.7. Қызметкерлерін марапатқа (наградаға) және құрметті атақтарға ұсыну жөнінде директордың қарауына мәселе қоюға;
4.8. Қызметкерлерінен тәрбие жұмыстарының технологияларын, кәсіби этика нормалары мен талаптарын сақтауды, мектеп қауымдастығы қабылданған жоспарлар мен бағдарламаларды (міндетті және инновациялық сипаттағы) орындауды талап етуге;
4.9. Оқушылар конингентін жасақтау ісіне атсалысуға;
4.10.Өз біліктілігін арттыруға.
Екінші дананы қолыма алдым.
Лауазымдық міндетіммен таныстым: ____________ _________________
(қолы) (аты-жөні)
Күні: «.........».........................20.......ж.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
№22 жалпы орта білім беретін мектебі
2022 жылғы 27 тамыздағы
№180 бұйрығына
3 қосымша
Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Байсалова Галима Шайдазымовнаның лауазымдық міндеттері
1.Жалпы ережелер
1.1 Осы лауазымдық нұсқаулық білім беру мекемесінің басшысы еңбегіне тарифтік-квалификациялық бағалау негізінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 28 маусымдағы №141 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы №119 бұйрығына сәйкес құрастырылды.
1.2. Білім беру мекемесі басшының шаруашылық жөніндегі орынбасарын мектеп директоры тағайындайды, босатады.
Жыл сайынғы демалыс және денсаулығына байланысты уақытша жұмысқа қабілетсіз кезінде шаруашылық жұмысының міндеттерін мекеменің шаруашылық орынбасары атқарады.
1.3. Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары орта–кәсіптік немесе жоғары–мамандырылған білімді, жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы шарт.
Арнайы дайындығы жоқ, еңбек өтілі жетіспеген болса да, дегенмен жұмысын сапалы, берілген көлемді тапсырманы уақытылы орындап,жүктеген қызметтік шаруаны дұрыс орындаса, ондай жағдайда директордың әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындала алады.
1.4. Шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары білім мекемесінің директорына тікелей бағынады.
1.5. Шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарына тікелей: медбике, вахтер, мекемеге қызмет етуші жұмысшы, электрик, аула тазалаушы, еден жуушы, ағаш ұста, зертханашы, от жағушы, күзетші бағынады.
1.6. Білім мекемесінің әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Қазақстан Республикасының Ата Заңына, Қазақстан Республикасының жарлығына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешіміне, білім мекемесінің әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары бағынады: еңбек қағидасы ережелері, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, білім мекемесінің құқықтық локалды актілермен (оның ішінде ішкі еңбек тәртібі, басшының бұйрықтары, қызметтік нұсқау) еңбек келісім шартымен.
Басшының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары балалардың құқығын қорғау Конвенцияны сақтауы шарт.
2. Атқаратын қызметтері
Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарының негізгі жұмыс бағыты :
2.1.Білім беру мекемесінің шаруашылық жұмысы;
2.2 Оқу үдерісін материалды–техникалық жабдықтау;
2.3. Оқу мен еңбекке салауатты мүмкіндік жасау
3. Атқаратын қызмет түрі
Басшының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарының негізгі атқаратын міндеттері:
3.1.Білім мекемесінің шаруашылық жұмысын жүргізеді;
3.2 Заңмен тағайындалған материалдық құнды заттарды, жиһаз, мүлікті толығымен сақтауға жауапты;
3.3. Мекеме қызметкерлерін кеңсе тауарларымен,шаруашылық заттарымен қамтамасыз етеді;
3.4. Білім мекемесін жаңа оқу жылына уақытылы дайындауы;
3.5.Білім мекемесінің санитарлық–гигиеналық қалпына, ағымды шаруашылық қызметіне, сыныптарды ,оқу кабинеттерін, шеберхана, спортзал, кейде мекеменің мүлкіне ,асхана, өмір қауіпсіздік ережесіне сай буфет жұмысын қадағалау.
3.6.Білім мекемесінің қаржы материалдарын тиімді жұмсауын қадағалайды;
3.7.Мектеп дәліздерінің санитарлық-гигиеналық қалпын, абаттандыру жұмыстарын,мектеп алдын көгалдандыру ,жинауды қадағалайды;
3.8 Қарамағындағы техникалық және қызмет етуші персоналды жұмыс көлемін береді, жұмысшылардың жұмыс уақытын қадағалайды ,жоба бұйрығын дайындайды:
3.9 Білім мекемесінің мүлік есебін ұйымдастырады,мүліктің түгендеуін жүргізеді,жұмыстың аяқталу құжаттарын, уақытылы есеп жүргізеді.
3.10.Білім мекемесінің шаруашылық жұмысының өздігінен–өзі кеңеюін,уақытылы келісім шарттардың жасалуы;
3.11. Білім мекемесінің еңбек күзетінің талабына сай болуы, ғимаратының көшірілуі кезінде басқа салынатын ғимарат ,технологиялық,энергетикалық жабдықтарға, жөндеу жұмыстарын жүргізу .
3.12. Ауыр затты тасымалдағанда қауіпсіздікке жауапты,жүк тасу-жүк түсіру жұмыстарында, білім мекемесінің аумағында көлік тасымалы;
3.13. Ғимараттың өрт қауіпсіздігіне ,өрт сөндіру дұрыстығын қадағалайды.
3.14.Оқу кабинеттерін қамтамасыз етеді, шеберхана, тұрмыстық, шаруашылық т.б мүлікпен бөлмелерді қамтамасыз ету, өмір қауіпсіздігіне сай ережелерді сақтау,еңбек қаіпсіздік стандартын қамтамасыз етеді;
3.15.Жыл сайын электроқондырғы мен электросымдардың оқшауларын өлше ,жерлестіруші құрылғылар, периодтық сынақтардың су жылытқыш пен бу котелдарын куәландыру,буындарын, қысым астында жұмыс істейтін, жанатын және жанған газ баллондарды ,шаң-тозаңға қарсы сараптама, газ бен зарарлы заттар,радиацияның болуы,өмір қауіпсіздік ережесіне сай шу нормасын қадағалау;
3.16. Техникалық персоналға жылына 1 рет еңбек күзетінің нұсқауын таныстырады, қол қойдырады. ұйымдастырады;
3.17.Оқуды ұйымдастырады, жұмыс орнында нұсқаулық жүргізеді/бірінші және кез/ техникалық және қызмет көрсету жұмысшыларына;
4.Құқығы
Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары өз құзырлығында құқылы;
4.1. Білім мекемесінің техникалық персонал мен қызмет көрсету жұмысшыларына жұмысқа қатысты нұсқауларға әмірлер бере алады;
4.2. Білім мекемесінің мүлкін сақтау және қорғау негізінде барлық ғимарат, бөлмелерді аралай алады. Өрт қауіпсіздігін, өндірістік санитарияны және еңбек қауіпсіздігін бұзбай оқу үдерісінің дұрыс өтуін қамтамасыз етуге.
4.3. Білім беру мекемесінің директорына білім мекемесінің қызметкерлерін білім мекемесінің мүлігін бүлдіргені үшін, қауіпсіздік техника ережелерін, өндірістік санитария және өртқауіпсіздігі ережелерін орындамағаны үшін тәртіптік және материалдық жауапқа тартуды ұсынуға.
4.4. Техникалық және қызмет көрсету персоналдарының еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныс жасауға, осы саладағы қызметкерлерді мараппатауды және көтермелеуді ұсынады
Білуге тиісті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы Балалар құқығы туралы», «Жемқорлықпен күресу туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасының мүгедектік жағдайы бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жас мөлшері бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Мүмкіншіліктері шектеулі балаларға әлеуметтік және дәрігерлік-педагогикалық сүйеніш туралы», «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және балалардың қадағалаусыздығын, қорғансыздығын ескерту туралы» және білімді дамыту бағыттарын; пәнді оқыту, тәрбие жұмысы әдістерін; оқу кабинеттері мен қосалқы бөлмелерді жабдықтау талаптарын; оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіншіліктерін; педагогикалық ғылым және білімді дамытудың негізгі бағыттарын; құқық негіздерін және педагогиканы, психологияны, еңбекті ғылыми ұйымдастыруды; мемлекеттік жалпыміндеттілік білім стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны; педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктері; экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалар туралы; еңбекті қорғау шарттары мен ережелерін, қауіпсіздік және өрттен қорғау ережелерін; санитарлық ережелер мен шарттарын анықтайтын басқа да нормативтік – құқықтық актілерді.
Екінші данасын алдым.
Лауазымдық міндетіммен таныстым: ____________ _________________
(қолы) (аты-жөні)
Күні: «____» ________________ 20___ж.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
№22 жалпы орта білім беретін мектебі
2022 жылғы 27 тамыздағы
№180 бұйрығына
4 қосымша
Мектептің алғашқы әскери және технологиялық даярлық оқытушысы Даутов Куаныш Беребайевичтің лауазымдық міндеттері
1.Жалпы ережелер
1.1. Осы лауазымдық нұсқаулық білім беру мекемесінің басшысы еңбегіне тарифтік-квалификациялық бағалау негізінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 28 маусымдағы №141 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы №119 бұйрығына сәйкес құрастырылды.
1.2.АӘжТД оқытушысын жұмысқа қабылдау және босату туралы білім мекемесінің басшысы шешім қабылдайды.
1.3. АӘжТД оқытушысы жоғары кәсіби білімді, азаматтық қорғаныстан арнайы дайындықтан өткен, әскери жоғары білімді немесе, еңбек өтіліне талап етілмейтін орта әскери білімді болуы керек.
1.4.АӘжТД оқытушысы тікелей білім мекемесінің басшысы немесе оның орынбасарына бағынышты.
1.5.Өз еңбек жолында АӘжТД оқытушысы Қазақстан Республикасының Конституциясы және «Білім туралы», «Қорғаныс туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғылары, Қазақстан Республикасының Үкімет және білім басқармасының білім және тәрбие мәселелері, қорғаныс, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларда мекемелерді қамтамасыз ету деңгейлерінің, еңбек қорғау ереже және норма, өрттен қорғану қауыпсыздігін сақтау (сонымен қатар ішкі еңбек Ережелерінің қалыптасуымен, басшының бұйрығымен, нақты лауазымдық нұсқауы), еңбек келісім шарт шешімімен жүзеге асады.
АӘжТД оқытушысы бала құқығының Конвенциясын сақтайды.
2. Атқаратын қызметтері
АӘжТД оқытушысының атқаратын қызметтерінің негізгі бағыттары:
2.1. АӘжТД пән негіздерін оқыту;
2.2. оқушылардың әскерге қабылдануға дейін дайындығын заңнамаға сәйкес ұйымдастыру
2.3. мектепте АҚ бойынша іс- шараларды ұйымдастыру және өткізу
2.4. мектепті төтенше жағдайлар мен апат жұмыстарына дайындау.
3. Лауазымдық міндеттері
3.1. оқушыларды өмір қауіпсіздік негіздері және әскерге қабылдануға дейін дайындығын ескере отырып оқытады және тәрбиелейді;
3.2. жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастырады және олардың құқығы мен бостандығын сақтайды;
3.3. оқу сабақтарын жоспарлау, сыныптан тыс қосымша сабақтар, дене тәрбие дайындығын ұйымдастыру, өткізу;
3.4. әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, өз біліктілігін арттыру;
3.5.білім мекеме қызметкерлерінің және оқушылардың еңбегін қорғау, өмір және денсаулық туралы іс-шаралардың өтуіне қатысу;
3.6. басқа мекемелермен бірлесе отырып оқушыларды өмір қауыпсіздік негіздері және әскерге қабылдануға дейін дайындығын сұрақтары бойынша қатыстыру;
3.7. денсаулық сақтау мекемелерімен бірлесе отырып, әскерге қабылдауға дейінгі жасөспірімдерді медициналық тексерістен өткізу, военкоматқа тіркелуін ұйымдастыру;
3.8. жасөспірімдерге әскери оқу орындарына түсуіне көмектесу;
3.9. білім мекемелерінде әскери міндеттілердің есебін жүргізу, военкоматқа керекті есеп беру;
3.10. мектепте АҚ жоспарын қалыптастыру;
3.11. білім мекеме қызметкерлерімен АҚ бойынша сабақтар ұйымдастыру;
3.12. АҚ бойынша команда-штабы, арнайы тәсілдерді оқытуды дайындау және өткізу;
3.13. төтенше жағдайларда мектептің жұмысын қамтамасыз етуге қатысу;
3.14. қорғаныс қалқанының сақталуын қамтамасыз ету, индивидуальды қорғаныс құралдарын дайындау;
3.15. мектепте экстремалды жағдайларда практикалық сабақтар және дайындықтар өткізу;
3.16. мектепте АӘжТД оқу- материалдық базаны толтыруға, мүліктерінің сақталуына санитарлық гигиеналық талаптарды орындауға жағдай жасау;
3.17. мектеп қызметкерлерінің, оқушыларының құралдарды пайдалудың қауіпсіздік талаптарын орындау, оқу үдерісі кезінде балалардың денсаулығы мен өміріне жауапкершілік арттыру;
3.18. оқыс оқиғаларды зерттейтін комиссия жұмыстарына қатысу, еңбек қорғау сұрақтарын бақылау;
3.19. ақысыз медициналық тексерістен өту;
3.20. мектепте этикалық нормаларын сақтау.
4. Құқығы
АӘжТД келесі нәрселерге құқылы
4.1. Мектеп жарлығымен бекітілген мектепті басқару жұмыстарына құқылы;
4.2. шағымдармен және басқа құжаттармен танысу, олар туралы түсініктеме беру;
4.4. білім және тәрбие беру әдістерін еркін таңдау, оқу-әдістемелік құжаттарды, оқулықтарды, оқушылардың білімдерін бағалау құқылы;
4.5. квалификациясын көтеруге;
4.6. оқу процесінде және үзіліс кезінде оқушыларға тапсырма беру, тәртіпті сақтау, оқушыларды білім мекемесі қойған қатаң тәртіпке шақыру.
Екінші дананы қолыма алдым.
Лауазымдық міндетіммен таныстым: ____________ _________________
(қолы) (аты-жөні)
Күні: «____» ________________ 20___ж.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
№22 жалпы орта білім беретін мектебі
2022 жылғы 27 тамыздағы
№180 бұйрығына
5 қосымша
Мектептің әлеуметтік педагогы Оспанова Гульзия Бахтыбаевнаның лауазымдық міндеттері:
Жалпы ережелер
1.1. Осы лауазымдық нұсқаулық білім беру мекемесінің басшысы еңбегіне тарифтік-квалификациялық бағалау негізінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 28 маусымдағы №141 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы №119 бұйрығына сәйкес құрастырылды.
1.2. Әлеуметтік педагог қызметіне тағайындау және қызметтен тек білім мекемесінің директоры босата алады.
1.3. Әлеуметтік педагог жоғары білімді, еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы керек.
1.4. Әлеуметтік педагог директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.
1.5. Әлеуметтік педагог қызметі балалардың дамуы мен оны қорғауды қамтамасыз ету заңына негізделген. Әлеуметтік педагог сонымен қатар өз қызметінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңын, БҰҰ «Балалардың құқықтары туралы Конвенция», ҚР «Неке және отбасы туралы заңы», басқа да нормативтік актілер мен құжаттарды, осы ережені басшылыққа алады.
2. Міндеттері
Әлеуметтік педагогтың қызметтік бағыттары:
2.1. Қорғаншы мен қамқоршыларды қажет ететін балалар мен жастарды анықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізеді Қорғаншы мен қамқоршыларды қажет ететін балалар мен жастарды анықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізеді Қорғаншы мен қамқоршыларды қажет ететін балалар мен жастарды анықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізеді;
2.2. Балалардың құқығын қорғау мен еркін таңдау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді
3. Қызметтік міндеттері
Әлеуметтік педагог мына қызметтік міндеттерді атқарады:
3.1. Социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік-педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады;
3.2. Баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылуы себептерін анықтап, алдын ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуын қамтамасыз ету;
3.3. Әлеуметтік педагог мектеп әкімшілігімен, мұғаліммен, педагог-психологпен, медбикемен, тәрбиешілерімен, оқушылармен олардың ата-аналарымен өзара байланысқа түседі.
3.4. Мектепте, отбасында, өмір сүру ортасында, жастар мен балалар қоғамдарында және ұйымдарында баланың тұлғалану үдерісінің дамуына тікелей әсер ету.
3.5. Сабақтан тыс баланың өзін-өзі дамуына жағдай жасау;
3.7. Қоғамдағы рухани бай қарым-қатынастың болуына жағдай жасау;
3.8. Бала мен мемлекеттік, қоғамдық мекемелерімен қарым-қатынастың орнауына жағдай жасау;
3.9. Мұғалімдермен, ата-аналармен және де басқа заңды тұлғалармен қарым-қатынасқа түседі;
3.10. Оқу барысы кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулықтарына жауап береді;
3.11.Білім мекемелерінде оқу бағдарламасының орындалуын қадағалайды;
3.12.Психофизикалық сәйкестіктерді басшылыққа ала отырып, оқытудың тәсілдері мен әдістемелерінің түрлерін таңдауға жағдай жасайды;
3.13.Әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды, жартылай жетім, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету, сыныптың әлеуметтік паспортын, шағын аудандар бойынша рейд жұмыстары қамтамасыз етеді.
3.14.Бағдарлама мен жоспарды құрастырып, олардың орындалуын қамтамасыз етеді; бекітілген құжаттама мен есептілікті жүргізеді;
3.15. Ата-аналарға, педагогтарға, басқа да ұйымдардың қызметкерлеріне әлеуметтік-педагогикалық кеңес берумен айналысады.;
3.16. Өзінің кәсіптік деңгейін көтереді;
3.20. Бұйрықтардың жобаларын дайындайды, Педагогикалық кеңестің жұмыстарына қатысады;
3.21. Мерзімді медициналық тексерісті тегін өтеді;
3.22. «Қамқорлық» пен «Мектепке жол» атты акцияларды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;
3.23. Мектепте, отбасында, өмір сүру ортасында, жастар мен балалар қоғамдарында және ұйымдарында баланың этикалық нормаларын қадағалайды.
3.24.Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің2020 жылғы 24 сәуірдегі№ 158 бұйрығына 11-қосымшасы "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалаларына жауапты.
3.25. ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылдың 24 сәуірдегі №158 бұйрығының 10 қосымшасы «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына жауапты;
4. Құқықтары
Әлеуметтік педагог құқылы:
4.1. білім мекемелерінде ережеге сай мектептегі тәртібін қадағалауына қатысу;
4.2. шағымдар мен басқа құжаттармен танысып, оларға түсініктеме беруге құқылы;
4.4.оқушылардың бағалары мен оқу материалдары, оқулықтардың әдістемесін таңдап, оларды еркін қолдана алады;
4.5.кәсіптік деңгейін көтеру;
4.6 әлеуметтік педагогтің қызметі 5 жылда бір рет өткізілген аттестация нәтижелері ынталандырып отырады
4.7. кәсіпұйым мүшелерімен бірлестікте мектеп әкімшілігі қабылдаған білім беру ұйымының субъектілерінің құқықтары, денсаулықтары, әрекет жағдайлары мен оларды қорғауға қатысты локалді құқықтық актілердің дұрыс құрылуын анықтауға қатысуға.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы; ҚР «Білім беру туралы заңы»; Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы; БҰҰ «Балалардың құқықтары туралы Конвенция»; ҚР «Неке және отбасы туралы заңы»;«ҚР баланың құқықтары туралы заңы»; «Қорғаншылық және қамқоршылық туралы ереже»;ҚР Еңбек кодексі; ҚР Қылмыстық кодексі; «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» ҚР Заңы және де басқа нормативтік құжаттар.
Екінші дананы қолыма алдым.
Лауазымдық міндетіммен таныстым: ____________ _________________
(қолы) (аты-жөні)
Күні: «____» ________________ 20___ж.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
№22 жалпы орта білім беретін мектебі
2022 жылғы 27 тамыздағы
№180 бұйрығына
6 қосымша
Мектептің педагог-психологтың лауазымдық міндеттері
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы лауазымдық нұсқаулық білім беру мекемесінің басшысы еңбегіне тарифтік-квалификациялық бағалау негізінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 28 маусымдағы №141 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы №119 бұйрығына сәйкес құрастырылды.
1.2.Психологты білім беру мекемесінің басшысы қызметке тағайындап, қызметінен босатады.
1.3.Психологтың жоғары немесе орта кәсіби білімі болуы шарт, педагогикалық еңбек өтілінің болуы міндетті емес.
1.4.Психолог білім беру мекемесі басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.
1.5.Өз қызметінде психолог Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерін, Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрттен қорғану ережелерін, сондай-ақ білім беру мекемесінің Жарғысын және жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, мекеме басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек келісім-шартын (контракт) басшылыққа алады.
Психолог Бала құқықтары туралы конвенцияны бұлжытпай орындайды.
2. Атқаратын қызметтері
Психологтың атқаратын қызметінің негізгі бағыттары:
2.1. білім беру мекемесінде білім алушыларды психологиялық тұрғыда зерттеу;
2.2. білім алушылардың психологиялық шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Лауазымдық міндеттері
Психолог төмендегі лауазымдық міндеттерді атқарады:
3.1. психологиялық үйірменің құрамын жинақтайды және білім беру мерзімі аяқталғанша оның сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;
3.2. білім алушыларды психологиялық бақылауды жүзеге асырады;
3.3. психофизиологиялық мақсатқа сәйкес жұмыс жасаудың (оқытудың) психологиялық негізделген түрлерін, амалдарын және әдістерін қамтамасыз етеді;
3.4. білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;
3.5. білім бағдарламаларын жасауға және жүзеге асыруға қатысады;
3.6.сабақтардың жоспарларын және бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді, белгіленген құжаттаманы және есептілікті жүргізеді;
3.7.білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтайды, оларды дамытуға, тұрақты кәсіби қызығушылықтары мен икемділіктерін қалыптастыруға ықпал етеді;
3.8. дарынды, талантты білім алушыларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетеді
3.9.арнайы есепте тұрған, суицидке бейімдігі бар, әумесерлік (девиантты) мінез-құлықты балалармен, «қатерлі» топтағы балалармен алдын алу жұмыстарын жүргізеді;
3.10. білім алушылардың көпшілік шараларға қатысуын ұйымдастырады;
3.11. өз құзіреті аясында ата-аналарға (оларды алмастыратын тұлғаларға), сондай-ақ білім беру мекемесінің оқытушылары мен білім алушыларына консультациялық көмек көрсетеді, белгіленген нысанда құжаттама жүргізеді;
3.12. 1, 5, 10 сынып оқушыларының бейімделуі бойынша жұмысты ұйымдастырып, талдау жасайды;
3.13.ҰБТ-ға даярлық жұмыстарында 11-сынып оқушыларына психологиялық көмек көрсетеді;
3.14.оқушылардың емтихандарға даярлығы барысында психологиялық көмек көрсетеді;
3.15. сабақ өткізу барысында еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен қоғану ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді; белгіленген үлгідегі журналға міндетті тіркеумен білім алушыларға еңбекті қорғау бойынша нұсқау береді;
3.16.әрбір оқыс оқиға туралы мекеме әкімшілігіне жедел хабарлайды, алғашқы көмек көрсету бойынша шара қолданады;
3.17. өзінің кәсіби біліктілігін арттырады; әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарына және әдістемелік жұмыстардың басқа да түрлеріне қатысады;
3.18. мектептің Педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысады;
3.19. мектепте, тұрмыста, қоғамдық орындарда педагогтың қоғамдағы орнына сай әдеп нормаларын сақтайды.
4. Құқықтары
Психолог құқылы:
4.1. мектептің Жарғысымен белгіленген тәртіппен Мектепті басқаруға қатысуға;
4.2. шағымдармен, өз жұмысына баға берілген басқа да құжаттармен танысуға, осы бойынша түсініктеме беруге;
4.4. оқыту, тәрбиелеудің әдістемесін, оқу құралдары мен материалдарын, оқулықтарды, білім алушыларды бағалау әдістерін еркін таңдап, пайдалануға;
4.5. біліктілігін арттыруға;
4.6. тиесілі біліктілік санатына ерікті түрде аттестацияланып, аттестациядан табысты өткен жағдайда тиесілі біліктілік санатын иемденуге;
4.7. сабақ процесінде, үзіліс кезінде білім алушыларға сабақты ұйымдастыруға, тәртіп сақтауға қатысты міндетті бұйрықтар мен өкімдер беруге, Жарғымен, білім беру мекемелерінде білім алушыларды көтермелеу және жаза салу туралы Ережелермен белгіленген жауапкершілікке тартуға .
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеуді қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу туралы» Заңдарды және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; пәнді оқытудың, тәрбие жұмыстарының әдістемесін; оқу кабинеттері мен қосалқы бөлмелерді жабдықтау талаптарын; оқыту тәсілдерін және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; білім берудің және педагогика ғылымының негізгі бағыттары мен даму болашағын; құқық және еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, педагогика және психология негіздерін; білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны; педагогика ғылымы мен тәжірибесінің жетістіктерін; экономиканың, еңбек туралы заңнаманың негіздерін; еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының және өрттен қорғанудың ережелерін; тазалық ережелерін.
Екінші данасын алдым
Лауазымдық міндетіммен таныстым: ___________ ____________________
(қолы) (аты-жөні)
Күні: «___» _______________ 20____ж.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
№22 жалпы орта білім беретін мектебі
2022 жылғы 27 тамыздағы
№180 бұйрығына
7 қосымша
Мектептің кітапханашысы Шомбаева Света Сагиндиковнаның лауазымдық міндеттері:
1.Жалпы ережелер.
1.1. Осы лауазымдық нұсқаулық білім беру мекемесінің басшысы еңбегіне тарифтік-квалификациялық бағалау негізінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 28 маусымдағы №141 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы №119 бұйрығына сәйкес құрастырылды.
1.2. Кітапханашыны (кітапхана меңгерушісін) мектеп директоры кітапханалық қызметке тағайындайды және босатады.
1.3. Кітапханашының бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта және кәсіптік орта) білім, мектеп кітапханашысының қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
1.4. Кітапханашы білім мекемесінің директоры мен директордың орынбасарларына бағынады.
1.5. Қазақстан Республикасы заңы мен Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақсан Республикасы Президентінің шешімі, кітапхана жұмысы мен білімге байланысты сұрақтар бойынша білім басқару ұйымдарының барлық деңгейі; еңбекті қорғау нормалары мен ережелері, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғаныс, сонымен қатар білім басқармасының жергілікті құқықтық актісі мен Жарғысы(соның ішінде ішкі еңбек ережелерінің тәртібі, директордың бұйрығы мен әмірі, нақты қызметтік нұсқаулық), еңбек келісімшартын жетекшілікке алады.
2.Лауазымдық міндеті
Кітапхана қызметінің негізгі бағыттары:
2.1. Білім мекемесінде оқу -тәрбие процесін ақпаратпен қамтамасыз ету.
2.2. Оқырманды кітап оқуға және мәдениет мекемелері ретінде ұйымдастыру.
3.Қызметтік міндеттер
Кітапханашы келесі қызметтік міндеттерді орындайды:
3.1 Білім мекемелерінде кітапханашы кітапхана қорын жинақтауға, өңдеуге каталогтарды және басқа да кітапханалық-анықтамалық аппараттардың элементтерін ұйымдастыру мен қолдануға сәйкес кітапхана үрдісін қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады;
3.2. Катологтар,картотекалар,оқу бұрыштарында тақырыптық бөлімдер және әдеби шолуларды ұйымдастырады;
3.3 . Оқушыларды және білім мекемесіндегі қызметкерлерге абонементте оқу залдарында қызмет көрсету , оқырмандармен жеке бұқаралық жұмыстар жүргізу,,(даталы күндерге көрме,әр түрлі іс шаралар) Қор жағдайы мен оқырмандар сұранысын зерттеу;
3.4. Есепке алуды және белгіленген есеп беруді ұйымдастырады;
3.5. Кітапхана қорының сақталуына ,кітаптарды түгендеу,ескірген кітаптарды есептен шығару ереже бойынша жүргізу;
3.6. Кітапхана қорынан жоғалтқан, зиян келтірген әдебиеттерге оқырмандарға шара қолдану;
3.7. Басқа кітапханалармен тығыз байланыста болу;
3.8. Білім мекемесінде мерзімдік басылымдарды жүргізу және басылымды уақтылы жеткізу жұмыстарын қадағалау;
3.9.Кітапхананы жабдықтармен,өндіріс құралдарымен, кітапханалық техникалармен қамтамасыз ету;
3.10. Оқырман конференциялар, әдеби кештер және басқа іс - шаралар ұйымдастыру.
3.11.Кітапханада еңбек және техника қауіпсіздігі, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін. санитарлық-гигиеналық режимді сақтау;
4.Құқықтары
Кітапхана меңгерушісі мынадай құқықтарға ие:
4.1.Мектептегі қызметкерлер мен оқырмандарға кітапхананы пайдалану ережелеріне қатысты мәселелер бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар беруге;
4.2. Кітапханадағы ағымдық жұмыстарды кіші қызметкерлерге бағыт беріп отыру;
4.3.Білім мекемелеріндегі педагоикалық кеңеске қатысу;
Екінші данасын алдым
Лауазымдық міндетіммен таныстым: ___________ ____________________
(қолы) (аты-жөні)
Күні: «___» _______________ 20____ж.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
№22 жалпы орта білім беретін мектебі
2022 жылғы 27 тамыздағы
№180 бұйрығына
8 қосымша
Мектептің іс жүргізушісі Амирова Сандугаш Ботановнаның лауазымдық міндеттері:
* 1. Жалпы ережелер
1. Іс қағаз жүргізуші ұйымның негізгі міндеттері мен қызметтерін іске асыруда, құжаттау мен құжаттаманы басқару процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Іс қағаз жүргізушіге қойылатын талартар – еңбек өтілінсіз арнаулы бастауыш немесе орта білім, еңбек өтілінсіз толық орта білім және қойылған бағдарлама бойынша арнаулы дайындығының бар болуы.
2. Іс қағаз жүргізуші лауазымына ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалады және босатылады.
3. Іс қағаз жүргізуші ұйым басшысына бағынады.
4. Штат кестесі бойынша ведомстволық мұрағатшы лауазымы жоқ болған жағдайда, ұйымның мұрағат ісін ұйымдастырады және жүргізеді.
5. Іс қағаз жүргізушіге ұйым басшысының бұйрығы негізінде ведомстволық мұрағатқа (штат кестесі бойынша мұрат меңгерушісі немесе мұрағатшы лауазымы жоқ болған жағдайда) жауап береді.
6. Іс қағаз жүргізуші тағайындалғанда немесе босатылғанда істер қабылданады және өткізіледі, ол туралы акт ресімделеді.
7. Іс қағаз жүргізуші өз қызметінде іс қағаз жүргізуге және мұрағат ісіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі өкілетті мемлекеттік органының, жергілікті мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарының, тиісті мемлекеттік мұрағаттық мекеменің нормативтік құқықтық актілерін, ұйым басшысының өкімдік құжаттары мен нұсқауларын және осы нұсқаулықты басшылыққа алады.
2. Қызметі
8. Іс қағаз жүргізуші құжаттау, құжаттармен жұмысты ұйымдастырудың, құжаттармен жұмыстың нысандары мен әдістерін жетілдіру, ақпараттық-іздестіру жүйесін құрастыру мен жүргізудің, құжаттарды орындауды бақылау мен құжаттарды ведомстволық мұрағатқа өткізуге дайындау, ұйымдағы құжат айналымын азайтудың бірізді тәртібін қамтамасыз етеді.
3. Лауазымдық міндеттері
9. Іс қағаз жүргізуші өз қызметін атқарған кезінде:
1) Ұйым қызметі барысында жинақталған құжаттардың жіктегішін жасайды және жетілдіреді;
2) құжаттарды қабылдайды, алғашқы өңдеуін жүргізеді, алдын-ала қарайды, тіркейді, құрылымдық бөлімшелерге жібереді, есепке алады, сақтайды, жан-жаққа жібереді;
3) ұйым басшысының уақытында кіріс құжаттарды қарауын ұйымдастырады, қол қойылуға берілетін құжаттардың ресімделуін бақылайды;
4) құжаттардың белгіленген мерзімде орындалуын бақылайды, ұйым басшысына құжаттардың орындалу қорытындысын баяндап отырады;
5) бақылау-анықтамалық және басқа картотекаларды, компьютерлік деректер базасын қалыптастырады және жүргізеді;
6) құжаттарды басу, көбейту және көшіру жұмыстарын ұйымдастырады;
7) ұйымның ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарының бланкілерінің жобасын жасайды және келіседі;
8) іс қағаздарын жүргізу қағидаларын жасайды;
9) ұйымның істер номенклатурасын жасайды, істерді ведомстволық (жеке) мұрағатқа белгіленген тәртіп бойынша өткізгенше жедел сақтауды оларды пайдалануды қамтамасыз етеді;
10) құжаттармен жұмыс жасаудың нысандары мен әдістерін жетілдіру, орындау тәртібін көтеру бойынша іс-шараларды жасайды;
11) құрылымдық бөлімшелерде істердің ресімделуінің және қалыптасуының дұрыстығын бақылайды, құжаттардың құндылығын сақтау мен жою үшін іріктеу мақсатында сараптауды ұйымдастырады;
12) құжаттау мен құжаттаманы басқару мәселелері бойынша кеңестер, мәжілістер өткізеді.
4. Құқығы
10. Іс қағаз жүргізушінің құқықтары:
1) құжаттармен жұмыс жасауда белгіленген ережелердің орындалуын құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан талап етуге және бақылауға;
2) іс қағаз жүргізуші жұмысына қажетті мәліметтерді құрылымдық бөлімшелерден сұрауға;
3) ұйымда құжат айналымын азайтуға бақылау жасауға;
4) құрылымдық бөлімшелерде құжаттау мен құжаттаманы басқарудың ұйымдастырылуына тексеру жүргізуге, тиісті шара қолдану үшін ұйым басшысына тексеру қорытындысын баяндауға;
5) дайындау барысында белгіленген ережелердің бұзылғаны үшін құжаттарды қайта дайындауға жіберуге;
5. Лауазымы бойынша қарым-қатынастар мен байланыстар
11. Іс қағаз жүргізуші:
1) құжаттау мен құжаттаманы басқару мәселелері бойынша – ұйымның құрылымдық бөлімшелерімен;
2) құжаттарды дайындаудағы құқықтық мәселелер бойынша – ұйымның заңгерімен;
3) құжаттарды мемлекеттік, орыс және басқа да тілдерге аудару мәселелері бойынша ұйымның аударма жұмысы үшін жауапты тұлғасымен;
4) есептеу және ұйымдастырушылық техникаларымен, ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың бланкілерімен, кеңсе құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде ұйымның шаруашылық бөлімімен қарым-қатынас жасайды
6. Жұмысты ұйымдастыру және қызметті бағалау талаптары (критерийі)
12. Іс қағаз жүргізуші ұйымның ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс істейді.
13. Іс қағаз жүргізуші жұмысының сапасын бағалау және оның лауазымға сәйкестігін шешуде оған қойылатын талаптар:
1) іс қағаз жүргізу жүйесінің негізгі ережелерін білуі;
2) ұйымның құрылымын және бөлімшелерін білуі;
3) ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама жүйесінің біркелкі стандарттарын білуі;
4) хат хабарлардың жүргізілу үрдісін бақылау тәртібін білуі;
5) еңбекті ұйымдастыру мен басқару негіздерін білуі;
6) техника құралдарын пайдалану, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын білуі;
7) өзінің біліктілігін оқу орталықтарында, курстарды, семинарларда жүйелі түрде арттыруы;
8) ұйымның құжаттама жүйесін үнемі жетілдіріп отыру, оның ішінде, іс қағаз жүргізудің қалыптасқан нысанын қазіргі заманғы автоматтандырылған технологияларға ауыстыру, біртіндеп көшіру;
9) өз қызмет бойынша ұйым басшылығы мен жергілікті мұрағаттар мен құжаттама басқару жөніндегі орган тарапынан ескертулер алмау;
10) ішкі еңбек тәртібі ережелерін білу, заңнамаларды бұзбау.
Екінші данасын алдым
Лауазымдық міндетіммен таныстым: ___________ ____________________
(қолы) (аты-жөні)
Күні: «___» _______________ 20____ж.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
№22 жалпы орта білім беретін мектебі
2022 жылғы 27 тамыздағы
№180 бұйрығына
9 қосымша
Барлық мамандықтардың пән мұғалімдерінің
негізгі функционалдық міндеттері туралы
1.1 Осы лауазымдық нұсқаулық білім беру мекемесінің басшысы еңбегіне тарифтік-квалификациялық бағалау негізінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 28 маусымдағы №141 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы №119 бұйрығына сәйкес құрастырылды.
1.2 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
1.3 Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
1.4 Білім алушыны педагогке құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтің аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе «мұғалім» тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
1.5 Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
1.6 Бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
журналдарды (электрондық) толтырады;
1.7 Оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
1.8 Оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
1.9 Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
1.10 Оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
1.11 Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
1.12 Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
1.13 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын әзірлейді;
1.14 Арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
1.15 Интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
1.16 Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
1.17 Ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
ата-аналарға кеңес береді;
1.18 Кәсіби құзыреттілікті арттырады;
1.19 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
1.20 Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
1.21 Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
1.22 Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
1.23 Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары
- Кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде педагогтің:
2.1 Тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде кәсіптік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;
2.2. Лауазымды адамдар және басқа да тұлғалар тарапынан заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғалуға;
2.3 Білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан кәсібіне құрметпен қаралуына және тиісінше мінез-құлық көрсетілуіне;
2.4 Кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуге және қажетті жағдайлардың жасалуына;
2.5 Ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыруға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
2.6 Тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде шығармашылық бастамаға, оқыту мен тәрбиелеудің авторлық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеуге және қолдануға, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа, неғұрлым жетілдірілген әдістерін дамытуға және таратуға;
2.7 Білім беру бағдарламасына сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің оқу құралдарын, материалдарын және өзге де құралдарын таңдауға;
2.8 Білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, білім беру қызметінің әдістемелік материалдары мен өзге де құрауыштарын, сондай-ақ оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдарын әзірлеуге қатысуға;
2.9 Жұмыс орны бойынша сайланбалы лауазымға сайлануға және оны атқаруға;
2.10 Білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған, оның ішінде білім беру ұйымының қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға қатысуға;
2.11 Білім беру ұйымын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
2.12 Үш жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыруға;
2.13 Үздіксіз кәсіптік дамуға және біліктілікті арттыру нысандарын таңдауға;
2.14 Біліктілік санатының мерзімінен бұрын берілуіне;
2.15 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке педагогтік қызметке;
2.16 Кәсіптік қызметіндегі табыстары үшін көтермеленуге;
2.17 "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға;
2.18 Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда кәсіптік дағдыларын сақтап-тұру және арттыру үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтуге;
2.19 Өзіне қатысты қабылданатын ұйым басшысының актілеріне, әрекеттеріне және шешімдеріне жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа шағым жасауға;
2.20 Білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне құқығы;
2.2 Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
Лауазымдық міндетіммен таныстым: 27.08.2022 жыл
№ | Аты -жөні | Мамандығы | Таныстым |
1 | Токтамуратов Алмат Ермекович | Қзақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі | |
2 | Нурлыбаева Венера Абдикадыровна | Қазақ тілі пәнінің мұғалімі | |
3 | Нурмухамбетова Галия Джаксылыковна | Орыс тілі пәнінің мұғалімі | |
4 | Бакеева Айгерим Кайратовна | Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі | |
5 | Сатқұнова Құралай Қайратқызы | Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі | |
6 | Джарылқапова Айгуль Амангелдыевна | Математика пәнінің мұғалімі | |
7 | Елікүлова Ақмарал Алтынбекқызы | Информатика пәнінің мұғалімі | |
8 | Сман Мадина Бахытжанкызы | Физика пәнінің мұғалімі | |
9 | Болатбекова Жазира Мелисовна | География пәнінің мұғалімі | |
10 | Байтемирова Айгерим Рахымбайкызы | Химия пәнінің мұғалімі | |
11 | Байсалова Куралай Искаковна | Биология пәнінің мұғалімі | |
12 | Чимбатчаева Молдыр Заряновна | Технология пәнінің пәнінің мұғалімі | |
13 | Ахилбаев Ерсаин Сраилулы | Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі | |
14 | Тилешбеков Манат Сейтжанович | Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі | |
15 | Торежанова Кумис Дайрбековна | Бастауыш сынып мұғалімі | |
16 | Шабикова Акбилек Жалгасовна | Бастауыш сынып мұғалімі | |
17 | Жундибаева Салтанат Идирисовна | Бастауыш сынып мұғалімі | |
18 | Сураубаева Эльза Амангелдиевна | Бастауыш сынып мұғалімі | |
19 | Айтказиева Жанар Уйсинбаевна | Бастауыш сынып мұғалімі | |
20 | Абдрешова Манат Смайловна | Музыка пәнінің мұғалімі |