12
қаңтар
2026
«Сапалы білім – тиімді жоспар, нәтижелі сабақ» жобасы аясында ашық сабақтар айлығының ашылу өткізілді
https://www.instagram.com/reel/DTa2Ay0jFrG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 12 қаңтар күні бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен
«Сапалы білім – тиімді жоспар, нәтижелі сабақ» жобасы аясында ашық сабақтар айлығының ашылу өткізілді. Айлықтың мақсаты:
Бастауыш сынып және бастауыш сыныптарға сабақ беретін педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу, білім алушыларға үздіксіз білім беру арқылы білім сапасын көтеру.
Міндеттері:
- Сабақ жоспарлаудың сапалы білім берудегі рөлін айқындау;
- Озық педагогикалық тәжірибелерді тарату;
- Әдістемелік айлықтың мақсат-міндеттерімен таныстыру.
Айлықтың ашылу барысында мұғалімдерге айлықтың мазмұны мен жоспары таныстырылып, атқарылатын жұмыстардың бағыттары нақтыланды. Жиын барысында педагогтер жаңартылған білім беру мазмұны аясында тиімді жоспарлау, сапалы сабақ беру және оқушының білім нәтижесін арттыру жолдарын талқылады. Білім сапасын арттыруда әрбір ұстаздың шеберлігі мен ізденісі, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие, заманауи технология, соның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану – басты назарда болмақ. Ендеше, осы айлық аясында барлығымыз бірлесе отырып, тәжірибе бөлісіп, өзара қолдау көрсетіп, білім мен тәрбиені жаңа деңгейге көтеру болып табылады.