10
қаңтар
2024
«Сапалы білім: Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ» айдарымен ашық сабақтар айлығы

«Сабақтағы кері байланыстың тиімді тәсілдері» тақырыбында айлықтың ашылуы коучинг түрінде өткізілді. Коучингтің мақсаты: Мұғалімдер арасында оқыту мен оқуды жетілдіру үшін оқушылардың рефлексивті іс-әркетінің тиімділігі туралы тәжірибе алмасу арқылы тиімді ұйымдастырылған кері байланысты маңыздылығын ұғындыру, тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар беру. Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс, оның классификациясы, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болды. Кері байланыстың мәнін, оның түрлерін, оқушылардың көңіл – күйіне, оқу материалдарына қалай кері байланыс жасау керектігіне талдау жасады.