31
қаңтар
2025
«Сапалы білім- тиімді жоспар, нәтижелі сабақ» жобасы аясында өткен бастауыш сынып әдістемелік бірлестік айлығының жабылуы салтанатты түрде өтті.
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 13-31- қаңтар аралығында аудандық «Сапалы білім- тиімді жоспар, нәтижелі сабақ» жобасы аясында өткен бастауыш сынып әдістемелік бірлестік айлығының жабылуы салтанатты түрде өтті. Бір ай бойы барлық пән мұғалімдері белсенділік танытты. Ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өз деңгейінде өтті. Бір ай бойы әр сыныптың білімдері, жеткен жетістігі, мұғалімдердің сабақ барысында жаңаша оқытуы, жасанды интеллекті сабақта қолдану арқылы жаңа технологияларды тиімді пайдалануы байқалды. Жабылу салтанатында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.А.Мусаева айлық бойы жүргізілген жұмыстарды еске түсіріп, сайыстарда өздерінің білімдері мен ептіліктерін көрсеткен белсенді оқушыларды марапаттады .
