

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «№22 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2024 жылғы 26 ақпан №04-888 хаты және «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» Меркі ауданының білім бөлімінің 2024 жылғы 28 ақпандағы №361 хаты негізінде 2024 жылдың 28 ақпан күні Меркі ауданының білім бөлімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 Қаулысымен «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 қаулысына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды. Қаулының 3- тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5 – ші сағаттық белдеуге көшеді. 2024 жылы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстындығы туралы , оқу процесін ұйымдастыруда ата – аналарға, ұстаздарға, білім алушыларға осы өзгерістер туралы алдын – ала хабарландыру берілді.Сонымен қатар қамқоршылық кеңес төрағасы және оның мүшелерімен кеңес өткізіліп, білім беру ұйымының жұмыс режимі, педагогтердің қызметі, сабақ кестесі, ауысым кестесі, басқа қызметтердің жұмыс уақытының режимінде өзгеріс болмайтындығы туралы ескертіп, түсіндіріп айтылды.