11
қараша
2019
Диалогтік оқыту ЖАДА .Әңгімелесудің түрлері
22 ЖББМ 1-қараша күні ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Бакеева "Диалогтік оқыту ЖАДА .Әңгімелесудің түрлері" тақырыбында коучинг өткізді. Коучингтің мақсаты: Сабақ үрдісіндегі диалогтік оқытудың маңызын ажырату. Оқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау әңгімелесу факторы бойынша мағлұмат беру болды. Коучингте қатысушылар арасында диалогтің түрлерін талдап, постерлер қорғалды. Коучинг соңында қатысушылар "Әуе шары" кері байланысын беру арқылы диалогтік оқыту барысында идеялар екі бағытта жүріп, оқушының қарқынды білім алуына септігін тигізетінін айқындай түсті.