
№22жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың май айында "Берекелі шаңырақ" қоғамдық кеңесі мүшелерінің қатысуымен "Бала тәрбиесі - жауапты іс" тақырыбында ата - аналарға бейнебаян көрсетілді. Мақсаты: мектептегі ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктерін арттыру, жасөспірімдердің агрессивті мінез -құлқын түзету және бала тәрбиесіне бірлесе атсалысу керектігін естен шығармау. Берекелі шаңырақ ұйым мүшелері аудандық ата - ана комитетінің төрайымы Абдрешова Манат Смайлқызы және ДТЖО Батырбекова Перуза Елубайқызы отбасындағы бала тәрбиесі жөніндегі өз ойларын ортаға салып, ДАІЖО Елікүлова Ақмарал Алтынбекқызы бала тәрбиесіне байланысты мағыналы бейнебаян көрсетіп, нәтижесінде ата- аналар бала тәрбиесіне бей- жай қарамау керектігін ұғынды.