Қадірлі ата-аналар, оқушылар! » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » Қадірлі ата-аналар, оқушылар!
06
май
2021

Қадірлі ата-аналар, оқушылар!

Қадірлі ата-аналар, оқушылар!

Шектеу шараларының салдарынан орын алған оқушы біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру, пәндер бойынша өткен материалды сапалы меңгерту мақсатында өңірдегі барлық білім беру ұйымдарында 26 май мен 19 июнь аралығында жазғы мектептер ашылатындығын хабарлаймыз.
Жазғы мектептерге оқушылар ата-аналардың өтініші негізінде қабылданады.

Құрметті ата-ана!
Егер сіз балаңыздың оқу бағдарламасын толық меңгергендігін және келесі сыныптағы білім стандарттарын қиындықсыз игеруін қаласаңыз жазғы мектепке ұл-қызыңыздың тіркелуіне себепші болыңыз. Оқу тегін және ешқандай қосымша шығындарды қажет етпейді. Мектеп формасын сақтау талап етілмейді.

Жазғы мектепке тартылған мұғалімдердің кезекті еңбек демалысы 19 июньнан кейін беріледі. Жалақылары осы оқу жылында бекітілген оқу жүктемесі негізінде төленеді. 

Школыде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар (кіре берістегі температураны күнделікті өлшеу, маскалық режим, қолды жиі жуу, ғимаратты, оқу бөлмелерін ылғалды жинау, желдету, кварцтау) толық сақталады, көпшілік шаралар ұйымдастырылмайды.