15
январь
2021
Шектеу шаралары кезінде оқу процесін ұйымдастыру туралы

ҚР Білім және ғылым министрінің 13.08.2020 жылғы №345 Бұйрығына сәйкес (өзгеріс енгізу туралы 17.11.2020 жылғы №484, 15.12.2020 жылғы №527 бұйрықтарын ескере отырып), сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 декабрьдағы №548 шығыс хаты, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 декабрьдағы №68 Қаулысын жұмыс барысында басшылыққа ала отырып, №22 ЖББМ-де 2020-2021 оқу жылында оқу процесі штаттық режимде ұйымдастырылуда. Оқыту барысында жоғарыда аталған бұйрықтардың барлық талаптары қатаң сақталуда. Атап айтқанда, күн сайын педагогтар мен оқушылардың температурасы өлшенеді, әлеуметтік алшақтық сақтау белгілері орнатылған, бетперделік режим сақталған, дезинфекциялық туннель мен дезинфекциялық төсеніштер қойылған, кабинеттерді және барлық жайларды желдету, кварцтау жүргізілуде, қолды жууға арнайы құралдар қамтамасыз етілген, әрбір екінші сабақтан кейін сынып бөлмелері ылғалды жиналады, барлық қабаттарда, кабинеттерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылған. Сонымен қатар, оқу үстелдері 1 метр қашықтықта орналастырылып, кабинеттік жүйе жойылып, «бір сынып – бір кабинет» қағидасы бойынша оқытылады. Әртүрлі сыныптар үшін әртүрлі уақытта сабақтар арасындағы өзгерістер кестесі жасалынған. Білім алушыларға жеке парта және орындық бекітілген. Айта кетсек, мектеп бойынша барлығы 182 оқушының І ауысымында 7 сынып комплектісі 94 оқушы, ІІ ауысымында 6 сынып комплектісі 88 оқушы білім алуда.
Жалпы айтқанда, мектепте барлық санитарлық талаптар сақталынып, оқу процесі үздіксіз жүргізілуде. Мектеп бойынша пневмониямен ауырған оқушы жоқ. Оқушылардың күн сайын сабаққа келуі, кешігіп келуі, ауырып қалуының себептері дер кезінде анықталып, қатаң бақылау жасалынуда.
Мектеп директоры Сейдалив Ербол Есеналыұлы











