№1 Педагогикалық кеңес өткізілді » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » №1 Педагогикалық кеңес өткізілді
28
август
2020

№1 Педагогикалық кеңес өткізілді

№22 жалпы білім беретін мектебінде 28.08.2020 жылы «Педагогикалық оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңес онлайн форматында жүргізілді. Педагогикалық ұжым толық қатысты. Мектеп директоры Е.Е.Сейдалиев кеңестің күн тәртібімен таныстырып, өз сөзінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «13» августда № 345 бұйрығының 2-қосымшасының талаптары туралы баяндады.
№1 педагогикалық кеңесте 2020-2021 оқу жылына арналған мақсат, міндеттер белгіленіп, оқу-тәрбие жоспары, жұмыстық оқу жоспары, сабақ кестелері, мектептің ішкі тәртіп ережесі, мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары, 2020-2021 оқу жылына сыныптар құрамы және т.б. маңызды мәселелер қаралып, жоспарлар бекітілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «13» августда № 345 бұйрығына сәйкес 2021 жылдың 1 январьына дейін мектептерде мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар толығымен тоқтатылды. Сондықтан да, мектептің жылдық оқу-тәрбие жоспарына, мектепішілік бақылау жоспарына ішінара өзгерістер енгізілді. Педагогикалық кеңесте педагогтар жарыссөзге қатысып, 2020-2021 оқу жылында атқарылатын іс-шаралар туралы өз ойларын жеткізді.