26
сентябрь
2023
ТАМАҚТАНУ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

22 жалпы орта білім беретін мектебінде тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиялары мектеп асханасына тексеру жүргізді.
Асхананың тазалығы талапқа сай болуы, күнделікті тағамдар ас мәзірге сәйкес әзірленуі, азық - түліктерді уақытылы пайдалану, олардың сақталу мерзімі, балалардың қол жуатын орындары, астың тоңазытқышта сақталуы, ас әзірлейтін блоктың санитарлық жай - күйі, келіп түскен тамақ өнімдерінің сапасын тексеру мақсатында кезекті тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сараланып, кеткен кемшіліктер бойынша жауапты мамандарға ұсыныстар берілді.