08
февраль
2019
Назары әдемінің- ой- санасы әдемі
Айлық барысында жетім, жартылай жетім,көп балалы отбасыларындағы оқушыларының үйлеріне рейд жасалынды. Рейд барысында мектепке себепсіз келмей жүрген оқушылар анықталған жоқ. 22 жалпы білім білім беретін мектебінде мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен, қайырымды жандардың қолдауында «Мейірімді жүрек» тақырыбымен қамқорлық, қайырымдылық концерті өткізілді.Шараға қонақтар шақырылып, мерекенің жоғары деңгейде өтілуіне атсалысқан еді. Оқушылар келген қонақтармен қызықты ойындар ойнап, көңіл көтеруге тырысты. Сондай-ақ оқушылардың қолдан жасалған бұйымдары аукционға қойылып сатылды. Оқушылар өз еңбектерінің сапасының қаншалықты екенін қонақтар берген баға арқылы көріп қызықтады.Әсіресе моншақпен тоқылған қол сандықшалары, үлкен сәнді құмыралар, ағаштан жасалған асхана бұйымдары, ұлттық сәндік қолөнерлер бұйымдарын көргенде балалардың үлкен сүйіспеншілікпен еңбектенгені байқалады.Алтыншы сынып оқушысы Кенжеғұлова Данагүл өзінің қолсандығын бір ай бойы жасады. Біз қандай мақсатта еңбектеніп жатқанын сұрағанда ол:- мен ауылдағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына көмек беріп, өз үлесімді қоссам деймін- деген еді.Қолөнер бұйымдарын жасауда мектепішілік «Мейірімді жүрекпен»аукционында ең жоғарғы ұпайды:4сынып жетекшісі Шабикова Ақбілек, Сұраубаева Эльза жинап бас жүлдеге ие болды. Бірінші орынды – 2сынып жетекшілері Айтқазиева Жанар және Жүндібаева Салтанат ие болды.Оқушылар арасында: 1-орынды 10 сынып оқушысы: Егізбаева Мерей иеленді.2-орынды 9-сынып оқушысы Алим Айғаным алса, 3-орынды 6-сынып оқушысы Кенжеғұлова Дана, Шамшидин Қырмызымен бөлісті.Сондай –ақ «Тәтті құмарлар» жәрмеңкесі өткізіліп, 1-орынды 7 сынып оқушылары жеңіп алды. Сынып жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Мамбеталиева Айшолпан қайырымдылық жасауда оқушымен бірге өз жұмысын жауапкершілікпен атқарды. Ата-ана және мұғалімдер тарапынан 25000 теңгеге көмек болса, демеушілер (аттарын атай бермеуді өтінді) мен мұғалімдер қайырымдылық концерті мен жәрмеңкеден 153 000 теңге қаржы тауып, 27 білім алушыға көмек көрсетілді. Жалпы 2019 жылдың 10 январь – 10 февраль аралығында № 22 жалпы білім беретін мектебіне дәстүрлі республикалық «Қамқорлық» акциясында 178 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.Осы жұмыстардың нәтижесін «Қазақстан-Тараз» теледидары «Жомарт-жүрек» бағдарламасы, оқушылармен мұғалімдердің жұмысын насихаттап теледидарға түсірді.
Назары әдемінің ой санасы әдемі келеді, ой санасы әдемі адам өмірдің рахатын көреді- дейді халық даналығы.Өмірде қайырымдылықты, мейірімділікті қажет ететін адамдарға демеу көрсетіп жүрген ата-аналарымызға алғысымыз шексіз. Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адал ақ жүректен шығады емес пе.Адал еңбек, ақ жүрек арлы ақылды адамдар біздің ауылымыздан көптеп табылса нұр үстіне нұр болар еді.
Назары әдемінің ой санасы әдемі келеді, ой санасы әдемі адам өмірдің рахатын көреді- дейді халық даналығы.Өмірде қайырымдылықты, мейірімділікті қажет ететін адамдарға демеу көрсетіп жүрген ата-аналарымызға алғысымыз шексіз. Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адал ақ жүректен шығады емес пе.Адал еңбек, ақ жүрек арлы ақылды адамдар біздің ауылымыздан көптеп табылса нұр үстіне нұр болар еді.