Қорғаншылық пен қамқоршылық » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » Қорғаншылық пен қамқоршылық
20
октябрь
2021

Қорғаншылық пен қамқоршылық

Қорғаншылық пен қамқоршылық мақсаты — ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу болып табылады. Өркениетті қоғам мен мемлекет ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және көмекке мұқтаж балаларды дер кезінде табуды өзінің алдына басты мақсат етіп кояды.Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және отбасына тәрбиелеуге берілуі тиіс балалар міндетті мемлекеттік есепке алынады. Ол үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың есебін алуды ұйымдастыру ережесі бекітілген.Баланың қорғаншысының (қамқоршысының) құкықтары мен міндеттері:  баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, рухани және ізгілік адамгершілік көзқарастарының дамуына қамқорлық жасауға құқықты әрі міндетті.Баланың пікірін, корғаншылық және қамқоршылық органының ұсыныстарын  ескере отырып, баланы тәрбиелеудің тәсілдерін өз еркімен дербес белгілеуге құқықты, өзінің қамқорлығындағы баламен бірге тұруға міндетті. Қамқорлығындағы бала 16-ға толғанда қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімімен бөлек тұруларына жол беріледі.Өз кезегінде, қамқоршылық қамқорлығындағы адам 18-ге толғанда немесе ол кәмелет жасына жетпей некеге тұрса тоқтатылады.
Социальный педагог:  Оспанова.Г.Б