«Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» тақырыбында кездесу кеші » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» тақырыбында кездесу кеші
15
декабрь
2022

«Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» тақырыбында кездесу кеші

🔷 Меркі ауданы №22 жалпы орта білім беретін мектебінде 15 декабрь күні Декабрь көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған декабрь ардагерлерімен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» тақырыбында кездесу кеші өткізілді.
✅Кездесуге декабрь көтерілісін көзбен көріп куәгер болып қатысқан Жамбыл облысы «Декабрь-86» қоғамдық бірлестігінің Меркі филиалының төрайымы Жуанышева Эльмира Қуанышбайқызы, «Декабрь-86» қоғамдық бірлестігінің мүшесі және декабрь ардагері, мектеп ұстазы Абдрешова Манат Смайлқызы қонақта болды.
❇️ Кездесу кешін мектеп директоры Сейдалиев Ербол Есеналыұлы мерекелік құттықтауымен бастады. Содан соң кездесуге келген ардагерлер оқиғаның қалай болғанын баяндап, қазіргі өскелең ұрпаққа өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді. Кездесу мектептің дарынды да талантты білім алушыларының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Кездесуді қорытындылау мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекова келген декабрь ардагерлеріне алғыстарын айтып, гүл шоқтарын тарту етті. Жамбыл облысы «Декабрь-86» қоғамдық бірлестігінің Меркі филиалының төрайымы Джуанышева Эльмира Қуанышбайқызы және «Декабрь-86» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, декабрь ардагері, мектеп ұстазы Абдрешова Манат Смайлқызы Жамбыл облыстық Декабрь-86 қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Бердалиевтің алғыс хатымен мектеп директоры Сейдалиев Ербол Есеналыұлын, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекованы, ұйымдастырушы Қ.А.Бакеева, А.Байтемирова, А.Контаеваны "Алғыс хатпен" марапаттады.