«Тәуелсіздік - елімнің тірегі, ұлтымның мақтанышы!» » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » «Тәуелсіздік - елімнің тірегі, ұлтымның мақтанышы!»
15
декабрь
2021

«Тәуелсіздік - елімнің тірегі, ұлтымның мақтанышы!»

№ 22 жалпы орта білім беретін  мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерей тойы шеңберінде 16-декабрь іс-шаралар жоспарына сәйкес  ДТІЖО П.Е.Батырбекова 10-сынып жетекші.  А.А.Джарылкапованың ұйытқы болып  ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік - елімнің тірегі, ұлтымның мақтанышы!» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту және тәуелсіздік жолында құрбан болған аға апалардың ерлігін насихаттау.Кеш қонақтары  Сарымолдаев  ауылдық округінің клуб меңгерушісі Арынова Жанар Жауынова, декабрь оқиғасының куәгері  Әбдрешова Манат Смайлқызы қатысты.Алғашқы сөз кезегінде мектеп директоры Е.Е.Сейдалиев бүгінгі ұлық мереке Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтап,өз тілегін білдірді.Кеш барысында 
10 сынып білімалушылары «Бабалар арманы»атты әсерлі  көрінісін қойып,өнерлерімен тәнті етті.Сондай-ақ іс -шара барысында 
Декабрь құрбандарын 1 минут  үнсіз тұрып еске алынып,Декабрь оқиғасының куәгері  Әбдрешова Манат Смайлқызы жан түршігерлік декабрь оқиғасын есіне ала отырып,әңгімелеп беріп,бұл Тәуелсіздік құны өте жоғары да киелі ұғым деп өз сөзін түйіндеп айтты.Кеште 8"а"-сынып қыздары Төреқұл Аяулым мен Рысқұлбек Еркежанның орындауында «Декабрь желі» әні орындалып, 8"ә"-сынып қыздары «Айжібек»биін орындап «Балбырауын», «Би»  күйлерін "Үкілі домбыра" үйірмесінің шәкірттері тебірене ойнады.Тізбегін жалғаған  кеште еліміздің жеткен жетістіктері тізбектелген бейне-ролик көрсетіліп, тамашаланды.Тарту ретінде 7-сынып білім алушыларының "Тәуелсіздік таңы"биі биленіп
  Аудандық, облыстық Шерхан оқулары бауқауының жүлдегері  9 сынып оқушысы Ергеш Назеркенің тәуелсіздікке арнаған «Тәуелсізбін, азатпын!» арнауы орындалды.
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына  арналған «Тәуелсіздік - елімнің тірегі, ұлтымның мақтанышы!» атты мерекелік сазды  кешіміз өз мәресіне жетіп,Кеш соңында жетістікке жеткен ұстаздарға мақтау қағаздары табысталып,мектеп ұжымының орындауында «Өз елім» әні мен тамаша аяқталды.Тұғыры биік Тәуелсіздік жасай берсін!