ҰЛДАР ЖИНАЛЫСЫ
№22жалпы орта білім беретін мектебінде Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Ұлдың ұяты» атты ұлдар жиналысы өтті .Мақсаты: Ұл балаларды адамгершілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу, жаман әдеттерден аулақ болуға шақыру.
Жиналысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е. Батырбекова ашып , жиналыстың ретімен таныстырды.Сондай-ақ «Әкелер мектебінің» жетекшісі Қ.Б Дауытов, сынып жетекшілер:иА,Қ Бакеева, А.А.Джарылкапова қатысты. Мектептің әлеуметтік педагогы, әрі уақытша психологы Г.Б Оспанова жасөспірімнің эмоционалдық –еріктік аймағын диагностикалау бойынша жұмыс жүргізді. Мектеп мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі тәрбие беру барысында қателіктерді болдырмау,жетістікті нәтиже алуда тәрбиенің түрлі тәсілдерін пайдалануды міндет ет етіп отырғандығы туралы ойларын ортаға салды.
Социальный педагог: Оспанова.Г.Б