Меркі ауданының білім бөлімінің 2021 жылғы 17 майдағы №590 хатының негізінде №22 жалпы орта білім беретін мектебінде 18 май күні сағат 12:20- да бір мезгілде оқу - жаттығу шарасы өткізілді. Жаттығуға мұғалімдер мен оқушылар және кіші қызметкерлер қатыстырылды. Жаттығу барысында қатысушылар қауіпсіз жерге шығарылып, сапқа тұрғызылды. Іс - шара бойынша қатысушылардың кемшіліктері айтылып жаттығу барысындағы дұрыс іс- әрекеттер бойынша түсініктеме жұмыстары ұйымдастырылып өткізілді. Жаттығудың өткізілуіне жауапты болып БӘжТД пәні мұғалімі Қ.Б. Даутов тағайындалды. Бұл іс шара террористік қауіп қатер төнген жағдайда қауіпсіздік ережесін сақтау мақсатында ұйымдастырылды.