№4-ші педагогикалық кеңес
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №22»
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 29-шы мартында
№4 педагогикалық кеңестің өткізілгендігі туралы
Хабарлама
Қатысқаны -29 педагог
№4 педагогикалық кеңесті мектеп директоры Е.Е. Сейдалиев сөз алып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Күн тәртібінде:
- ІІІ тоқсан қорытындысы және БЖБ, ТЖБ жұмыстарының қорытындысы./ Жауапты ДОТЖО Н. Мырзаханов
- Мектепалды даярлық топтары мен шағын орталық балаларының дайындық деңгейін тексеру қорытындысы. / Жауапты ДҒӘІЖО ш/о әдіскері
- Діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарының барысы./
- ДТЖО Батырбекова П.
- Азаматтық қорғаныс талаптарының орындалуы. / АӘжТД мұғалімі Даутов Қ.
- Противодействие коррупции туралы 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламаның орындалу барысы./ ДТЖО Батырбекова П.
- Қорытынды аттестаттауға дайындау жұмыстарын тексеру қорытындысы. / ДОТЖО Мырзаханов Н.
- Мектепте штаттық режимде оқыту барысындағы санитарлық –эпидемиологиялық талаптардың орындалуы./ДОТЖО Н.Мырзаханов
Күн тәртібіне қойылған барлық мәселе тыңдалды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ДОТЖО Н.Мырзаханов:
- ІІІ оқу тоқсанын жалпы саны 186 оқушы аяқтап, оның ішінде 40 оқушы оқу үздігі, 78 оқушы оқу екпіндісі болып, білім сапасы 70,2 пайызды құрағанын айтып өтті. Мәселе соңында ұсыныстар айтылып, қаулы шығарылды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Г.Оспанова:
- Білім беру үдерісінде тіл дамыту, жазу, санау, сурет салу бөлімдері бойынша балабақшаның оқу-әдістемелік кешендері толық жабдықталған. Өткен оқу жылына қарағанда дамуы бойынша балалармен біршама жұмыстардың атқарылғандығын тілге тиек етті.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша ДТЖО П.Батырбекова:
- Бұрмаланған діни көқарастардың қалыптасуының алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп арнайы іс-шаралардың өткізіліп жатқандығын айтып өтті. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың ретімен таныстырды.
Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша ДТЖО П.Батырбекова:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал ұрпақ» клубының кешенді іс-шаралар жоспары құрылып, жоспар бойынша атқарылған іс-шаралар мектеп сайтына уақтылы салынып жатқандығын айтып өтті. Сонымен қатар «Парасатты азамат» бұрышы тұрақты түрде жаңалаланып отырады,- деп өз сөзін қорытындылады.
Күн тәртібіндегі алтыншы мәселе бойынша ДОТЖО Н.Мырзаханов:
- 2020-2021 оқу жылында 9-сыныптағы 16 оқушы ҚА-ға дайындық жұмыстарына қамтылған. Әр айдың 3-ші аптасында оқушылардан әкімшілік бақылау жұмыс алынып, қорытындысы талданып, директор жанындағы отырыста қаралады. Тоқсандық білім сапасы мен алынған бақылау жұмысының салыстырмалы қорытындысы шығарылып отырады. Жалпы пәндер бойынша игерілмеген тақырыптар бойынша алдағы уақытта да қосымша сабақтар барысында түсіндіру жұмыстары жүргізілетіндігін атап өтті.
Күн тәртібіндегі алтыншы мәселе бойынша ДОТЖО Н.Мырзаханов:
- 2020-2021 оқу жылын «Штаттық режимде» бастағандықтан күн сайын педагогтар мен оқушылардың дене қызуы өлшеніп, арнайы тексеру дәптеріне тіркелететіндігі айтылды. Оқу жылының басында бекітілген нормативтік құжаттар бойынша және өзгеріс пен толықтырулар енгізілген бұйрықтарды да басшылыққа алатындығы айтылды. Мектепте санитарлық талаптардың қатаң сақталуы туралы қосымша түсіндіру жұмыстары да жүргізілді.
Күн тәртібінде қаралған 7 мәселенің де қаулысы шығарылды. Қаулының орындалуы ДОТЖО Н.Мырзахановқа жүктелді.