09
февраль
2026
«Мәжбүрлі неке – қылмыс» тақырыбында ұлдармен кездесу өтті
🔰№22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2026 жылдың февраль айының 9-күні «Мәжбүрлі неке – қылмыс» тақырыбында ұлдармен кездесу өтті. Мектепте құқықтық сауаттылықты арттыру және жасөспірімдер арасында заңға құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Мәжбүрлі неке – қылмыс» тақырыбында жоғары сыныптың ұл балалармен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында мәжбүрлі некенің заңға қайшы әрекет екені, оның адам құқықтарын бұзатыны және қолданыстағы заңнама аясында көзделген жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ отбасылық құндылықтар, ер азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі, қыз баланың құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу мәселелері талқыланды