“Сталкинг: алдын алу және жауапкершілік”тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » “Сталкинг: алдын алу және жауапкершілік”тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
13
февраль
2026

“Сталкинг: алдын алу және жауапкершілік”тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.

22 жалпы орта білім беретін мектебінде“Сталкинг: алдын алу және жауапкершілік”тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты – жасөспірімдер арасында қауіпсіз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, қыздар мен әйелдерге құрметпен қарау құндылықтарын дәріптеу және құқық бұзушылықтың алдын алу.Жиналыс барысында сталкинг ұғымына түсінік берілді. Сталкинг – бір адамды оның еркінен тыс қудалау, үнемі хабарлама жазу, аңду, мазасын алу, қорқыту әрекеттері. Мұндай іс-әрекеттер адамның психологиялық қауіпсіздігіне зиян келтіретіні және заң алдында жауапкершілікке әкелетіні түсіндірілді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қыздарды немесе әйелдерді қарым-қатынасқа мәжбүрлеу, еркінен тыс алып қашу (қалыңдық ұрлау) – құқыққа қайшы әрекет екені айтылды. Бұл мәселелер Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі тарапынан да ерекше бақылауға алынғаны атап өтілді.
Родителям:
Балалармен ашық әңгіме жүргізу;
Құрмет, теңдік, келісім (келісімсіз қарым-қатынас болмайтыны) туралы түсіндіру;
Әлеуметтік желідегі қауіпсіздікке көңіл бөлу;
Құқықтық жауапкершілік туралы ақпарат беру ұсынылды.
Жиналыс барысында қыз балалардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, ұл балаларды жауапкершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу – отбасы мен мектептің ортақ міндеті екені айтылды.