«Поэзия әлемінде» атты мәнерлеп оқу байқауы » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » «Поэзия әлемінде» атты мәнерлеп оқу байқауы
30
январь
2026

«Поэзия әлемінде» атты мәнерлеп оқу байқауы

https://www.instagram.com/reel/DUK_I9LDKOB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Январь айы – «Заң және тәртіп» айы аясында, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес 30-январь күні бастауыш сынып мұғалімі Шабикова А.Ж. 3-4-сынып оқушылары арасында «Поэзия әлемінде» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: Оқушылардың тілдік және оқу сауаттылығын дамыту, поэзия туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы кітапқа, өлең оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, өлеңді мәнерлеп оқуға және мемлекеттік тілде еркін сөйлеуге баулу. Байқау барысында оқушылар Абай Құнанбайұлы мен Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін нақышына келтіре, дауыс ырғағын сақтай отырып оқыды. Бұл іс-шара оқушылардың мәдени тәрбиесін жетілдіруге, көркем әдебиет пен кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды. Сонымен қатар әдеби жанрлар туралы білімдері кеңейіп, ой-өрісі мен дүниетанымы дамыды, сөздік қоры молайды, сөйлеу мәдениеті мен қиялы шыңдалды. Мәнерлеп оқу арқылы оқушылар оқудың игілікті жақтарын түсініп, әдеби шығармалардан жағымды әсер алды. Байқау олардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, мәдени-коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге ықпал етті. Аталған іс-шара оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, поэзия әлеміне деген қызығушылықтарын нығайтты. Байқаудың нәтижесі бойынша І орынды-2 оқушы, ІІ орынды -4 оқушы, ІІІ орынды -4 оқушы иеленді.