26
январь
2026
3-сынып оқушыларымен «Буллингтен қорған!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Январь айы – «Заң және тәртіп» айы аясында, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес 3-сынып оқушыларымен «Буллингтен қорған!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Школьникам буллинг ұғымын түсіндіру, оның түрлері мен салдарын таныстыру, буллингтің алдын алу жолдарын үйрету және оқушылардың бір-біріне деген сыйластық, жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға буллингтің физикалық, психологиялық, вербалды және кибербуллинг түрлері туралы ақпарат берілді. Нақты өмірлік жағдаяттар талданып, «Егер мен осындай жағдайға тап болсам…» тақырыбында пікір алмасу жүргізілді. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, сұрақтарға жауап берді. Тәрбие сағаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өздерін және өзгелерді қорғаудың маңыздылығын түсінуге ықпал етті. Сабақ соңында оқушылар буллингке жол бермеу – әр адамның ортақ міндеті екендігін ұғынды.
https://www.instagram.com/reel/DT8cCmgjF6i/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DT8cCmgjF6i/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==