24
ноябрь
2025
Өнегелі 15 минут
Ұлттық құндылық — ұрпаққа аманат
№22 жалпы орта білім беретін мектептің 1 «А» сынып оқушысы Ақылжан Балауса әжесімен бірге өнегелі 15 минутын қазақтың ұлттық қолөнеріне арнады.
Әжесі мен немересі бірге отырып, ою-өрнекпен көмкерілген әдемі төр көрпе тікті. Тігу барысында әжесі әр оюдың мән-мағынасын, шығу тарихын түсіндіріп, ұлттық нақыштағы әрбір өрнектің терең тәрбиелік, рухани мазмұнын немересіне жеткізді.
Бұл — тек көрпе тігу ғана емес, ұлт болмысына, өнер мен тәрбиенің байланысына құрылған шынайы рухани сабақ болды. Балауса үшін бұл сәт – ұмытылмас естелік, ал әжесі үшін – ұлттық мұраның жалғасы.
Ұлттық өнер – ұлттың жаны.
https://www.instagram.com/reel/DRcOjj-iB-f/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==