11
октябрь
2024
“Төрт тоқсан-төрт өнер” ұлттық мәдени-ағартушылық проект
“Төрт тоқсан-төрт өнер” ұлттық мәдени-ағартушылық проект аясында өтіп жатыр. Бұл жоба Қазақстанның ұлттық өнерін, мәдениетін, мұрасын қолдау мен дәріптеуге арналады.Осы орайда ағымдағы 2024жылдың октябрь айының 11-күні
№22 жалпы орта білім беретін мектебі "Ұлттық киім күні "атап өтті.
🇰🇿 Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.
🔰Жалпы, қазақтың ұлттық киімдері өзге халықтарға ұксамайтын өзіндік ерекшеліктерімен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасқан. Қазақы киімнің барша сәнділігі оның ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр. Ерте замандардан бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қазақ қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан ұлттық киімдеріміз жетерлік.
🔰Сондай-ақ, қазақ киімдері етек-жеңі мол, қарапайым, жұмысқа және жүріп — тұруға үйлесімді, дене сымбатын ашатын сәнді болып келген.
🔰Сондықтан, дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында өткелі отырған «Ұлттық киім» күнінің маңызы зор.“
инстаграм сілтеме:
https://www.instagram.com/p/DA6UKKyMB3l/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==