13
декабрь
2024
16-Декабрь ҚР Тәуелсіздік күні
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 33-жылдық мерей тойы шеңберінде 16-декабрь іс-шаралар жоспарына сәйкес ДТІЖО П.Е.Батырбекова 8 «А», «Ә»-сынып жетекшілері А.Байтемирова, А.А.Джарылкапованың ұйытқы болып ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – ел бақыты!» атты тарихи кеш ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту және тәуелсіздік жолында құрбан болған аға апалардың ерлігін насихаттау.
Кеш қонақтары декабрь оқиғасының ардагерлері Алтаев Бақыт,Курымбаева Бота Керимбайқызы, Жиргалбекова Ғалия Рахимқызы қатысты.Алғашқы сөз кезегінде мектеп директоры Б.Т.Бектурганов бүгінгі ұлық мереке Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтап,өз тілегін білдірді.Кеш барысында музыка пәні мұғалімі Шөпшекбай Диас Қ.Сариннің «Еркіндік» өлеңін оқыды.
Сондай-ақ іс -шара барысында декабрь құрбандарын 1 минут үнсіз тұрып еске алынып,Декабрь оқиғасының куәгерлері Алтаев Бақыт, Курымбаева Бота Керимбайқызы, Жиргалбекова Ғалия Рахимқызы жан түршігерлік декабрь оқиғасын есіне ала отырып,әңгімелеп беріп, бұл Тәуелсіздік құны өте жоғары да киелі ұғым деп өз сөзін түйіндеп айтты. Кеште 6-сынып оқушылары «Туған жер» хоры, Домбыра» үйірмесінің шәкірттері «Ерке сылқым» күйін «тебірене ойнады.
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 33 жылдығына арналған ««Тәуелсіздік – ел бақыты!» атты мерекелік сазды кешіміз өз мәресіне жетіп, Кеш соңында жетістікке жеткен ұстаздарға мақтау қағаздары табысталды.Тұғыры биік Тәуелсіздік жасай берсін!