1 октябрь – Халықаралық қарттар күні » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » 1 октябрь – Халықаралық қарттар күні
01
октябрь
2024

1 октябрь – Халықаралық қарттар күні

1 октябрь – біз үшін ерекше мерекелердің бірі – Халықаралық қарттар күнін атап өтеміз. Мереке ұрпақтардың бірлігі мен сабақтастығының бейнесі, бар ғұмырын еңбекке арнаған, балалары мен немерелеріне өз білімдерін берген, тарихтың ондаған жылдарын үздіксіз бір тізбекке біріктірген қарттарымызды қоғам мүшелерінің қадірлеп, құрмет көрсетуі болып табылады.
Осындай тамаша күн аясында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында №22 жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту, аға ұрпаққа деген мейірімді, сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру, олардың сіңірген еңбегінің маңыздылығын тану мақсатында «Үлкендер жолы ұлық,ұрпағы жүрер ұғынып»атты тақырыпта кеш өткізді.
Атаулы кешке аулымыздың ардақты ақсақалдары Нусупбаев Айтжан ата,Оспанов Усен ата,ақ жаулықты ардагер ұстаз апалар Нуриева Нұрзағипа апа,Қойайдарова Тоқтагүл апа ,сонымен қатар Шолпанкулова Күміс апа,Оспанқұлова Бүбүхадиша апа қатысты.
Кешті ашқан мектеп директоры Бектурганов Б.Т. қатысушыларды Қарттар күнімен құттықтап,қарттарымыз аулымыздың көркі,ұрпақ тәрбиешісі,ұлт ұйытқысы,салт-дәстүріміздің қайнар көзі,тәрбиенің сарқылмас бұлағы екенін айтып осыдай қарттарымыз көп болса ауылдың бірлігі мен тірлігі жарасып,жақсы күндерге жол аша бермек деді.
Кеш барысында мектеп оқушылары өнер көрсетіп қарияларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй сыйлай білді.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше. Ендеше, мереке құтты болсын!


инстаграм сілтеме:
https://www.instagram.com/reel/DAsK8ifMmbg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==