04
октябрь
2024
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Ұстазыма мың алғыс!" мерекелік концерт
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың октябрь айының 04-күні ұстаздар төл мерекесіне орай "Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Ұстазыма мың алғыс!"тақырыбында ДТІЖО П.Е.Батырбекова, 10-11-сынып жетекшілері А.Бакеева, А.Мәуленбеков ұйымдастырумен мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік кешке ұстаздар, мектеп әкімшілігі, ардагер ұстаздар қатысты. Мектеп директоры Б.Т.Бектурганов мерекелік іс-шараны құттықтау тілегімен ашты. Мерекелік концертті ардагер ұстаз Д.Абденова, К.Төрежанова қонаққа келді. Мерекелік концерт «Домбыра» үйірмесінің күмбірлеген "Ұстаз"күйімен ашылды. Сондай-ақ оқушыларымыз өздері дайындаған жыр шумақтары мен "Ағылшын пәні мұғалімі" көрінісі өте тамаша болып, оқушылардан құралған 3 «а» сынып оқушыларының хор «Ұстазым» әнін орындап, ән-би өнерлерін ұстаздарына тартуланды. Осы өнегелі мерекеге орай мектебімізді аяқтап кеткен түлектер ұстаздарға арнап «Ұстазыңды құттықта!» атты құттықтаулар ұсынып , ұстаздардың ризашылығына бөленді. «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деген Мағжан Жұмабаевтың сөзін негізге алсақ, ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды, жалпы адамзатты тәрбиелейді. Себебі, мейлі шахтер, ғалым, дәрігер, инженер, ғарышкер болсын барлығы да ұстаздан білім алады. Сондықтан да бүгінгі кәсіби мерекемізбен құттықтап, көңілге қуаныш сыйлағандарыңызға мың алғыс! –деп ардагер ұстаз Д.С.Абденова тебірентіп сөз сөйлеп, шәкірттеріне ізгі ілтипаттарын білдірді.
инстаграм сілтеме:
https://www.instagram.com/reel/DAsyjcnM9d3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
инстаграм сілтеме:
https://www.instagram.com/reel/DAsyjcnM9d3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==