
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2024жылдың январь айының 16-күні ДТІЖО П.Е.Батырбекова ,әлеуметтік педагог 1-11 сынып жетекшілерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.Іс-шарада кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу,жол ережесін сақтау,бала қауіпсіздігі, күндізгі және түнгі рейд туралы сөз қозғалып,өзара пікір алмасып,өз іс -тәжірибелерімен бөлісті.Сондай-ақ жасөспірімдер арасында электронды темекі қолдану туралы орын алып жатқан оқиғаларды ескере отырып, оқушыларға, ата- аналарға ақпарат беру, алдын-алу жұмысын жүргізу сынып жетекшілерге таныстырылды. Жоғарыда көрсетілген жұмыстар мен атқарылған іс-шаралар нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасында қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын-алу үшін құқықтық насихат жұмыстарын күшейту, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру біздің басты міндетіміз деп қорытындылады.Бала тәрбиесі басты байлығың кешіксең көретінің қайғы мұң демекші бала тәрбиесіне бей-жай қарамай,көп көңіл бөлу мақсатында бірлескен жұмыстарымызды жандандыру қажеттілігін де естен шығармаған абзал!
ДТІЖО П.Е.Батырбекова