09
январь
2024
«Кибербуллингпен буллингтің ерекшеліктері және профилактикасы »

Мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.Іс-шараға ДТІЖО П.Е.Батырбекова 5-6сынып жетекшілер қатысты.
Ең алдымен оқушыларға «Булинг дегеніміз не?» деген сұрақ қойылды. Оқушылардың жауаптарына сәйкес интербелсенді тақтадан буллинг туралы кеңінен түсіндірілген бейнеролик көрсетілді. Бейнероликтен кейін сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Сонымен қатар буллинг сөзіне анықтама беріп, оқушылар арасында қорқыту, мазақтау туындаған жағдайда не істеу керектігі және оны болдырмау оқушылардың басты міндеті екендігін атап өтті. Сіз кейбір адамдардың басқаларды қорлау жағдайларына тап болдыңыз ба? Сіз қалай ойлайсыз, білім беру ұйымында қудалауды болдырмауға бола ма? деген т.б сұрақтар болды. Оқушылардың басым көпшілігі буллингтің оқушылар арасында жоқ екенін растады. Оқушылар өз көзқарастарымен бөлісе отырып, пікір білдірді. ДТІЖО П.Е.Батырбекова бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу туралы да айтып өтті.