Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру туралы » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру туралы
25
май
2021

Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру туралы

Коммунальное государственное учреждение Меркі ауданы білім бөлімінің «№22 жалпы орта білім беретін   мектебі» управления образования акимата Жамбылской области
№ 89 бұйрық
06 май  2021жыл                                                                          Екпінді ауылы
  Жазғы мектеп жұмысын 
ұйымдастыру туралы
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 5 майдағы №203, Жамбыл облысы әкімдігінің  білім басқармасының  2021 жылғы  5 майдағы  №229-Ө, Меркі ауданы  білім бөлімінің 2021 жылғы 05 майдағы №132 бұйрығын орындау, сондай-ақ  меншік нысанына және ведомстволық  бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында  білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім олқылықтарының орнын толтыру мақсатында ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша барлық ниет білдірген білім алушылар үшін оқытуды 2021 жылдың 26 майы мен 19 июньына дейін оқытуды жалғастыруды  БҰЙЫРАМЫН:
  1. 2021 жылдың 26 майы мен 19 июньы аралығында 1-10 сынып білім алушылары үшін  жазғы мектеп жұмысы ұйымдастырылсын.
1) 1-10 сынып білім алушыларының ата аналарына  немесе заңды өкілдеріне  түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өтініш алынсын.
     2) Мектептің іс-шара жоспары бекітілсін.
     3) 1-10 сынып білім алушыларына осы мерзім  аралығында сабақ кестесі жасалынсын.
    4) Оқу бағдарламалары басшылыққа алынып, педагогтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары бекітілсін.  
   5) Білім алушылардың осы оқу кезеңінде санитарлық талаптарды сақтауына жауапты болып сынып жетекшілері мен медициналық қызметкер бекітілсін. 
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.О. Султанбековаға  жүктелсін.
Мектеп директоры:                               Е.Е.Сейдалиев